
Шығыс Қазақстан облысы Ресей Федерациясы және Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Көрші елмен шекарада 4 автоөтпел жұмыс істейді, олар – «Майқапшағай», «Бақты», «Ауыл» және «Уба».
Қазақстан Республикасының аумағына автоөткел жолдар арқылы келген адамдарға қатысты іс-шаралар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 13.01.2022 жылғы №3 қаулысына және оған енгізілген өзгерістер «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 18.02.2022 жылғы №11 қаулыға сәйкес жүргізіледі.
2022 жылдың басынан бері шекарадан 20 617 адам, оның ішінде 14 453 ҚР азаматтары, 6 164 шетелдіктер, 10 789 көлік бірлігі және 5 092 жаяу адам өтті.
Автоөткелдерде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мамандарымен термометрия, шекарадан өтетін адамдарға сауалнама жүргізу және оларда соңғы 72 сағат әрекет ету мерзімімен коронавирустық инфекцияға ПТР зерттеудің теріс нәтижелері бар анықтамалардың болуын бақылау жүргізіледі. Олардың ішінде шекарадан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары ПТР теріс нәтижелері бар анықтамалары жоқ, вакцинацияланбаған және ауруханаға жатқызуға жіберілгендер саны 663 адамды құрады.
Сонымен қатар, COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтаманың болмауына байланысты 168 шетелдік азаматтың ҚР аумағына кіруіне тыйым салынды.