480 мыңнан астам астаналық КВИ-ге қарсы толық вакцинациядан өтті

480 мыңнан астам астаналық КВИ-ге қарсы толық вакцинациядан өтті

              Елордада коронавирустық инфекция бойынша сырқаттанушылық көрсеткіштерінің төмендеуіне және карантиндік шаралардың жеңілдетілуіне қарамастан, коронавирус айналымының саны және мутациялануы жалғасуда. COVID-19 вирусына жалғыз қорғаныс - вакцинация болып қала береді. Бүгінгі таңда елорда тұрғындарын вакциннаның  бірінші компонентімен қамту 71,6% - ды және екінші компонентпен қамту тұрғындардың  67,5% - ын құрады.

              Осылайша, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша вакцинаның бірінші компонентін 509 853 азамат алса, иммундаудың толық курсынан 481 177 адам өтті.

              Алайда, вакцинаның екінші компонентін алған 284 814 адамда вакцина алған сәттен бастап 6 ай өтсе оларға иммунитетті көтеру мақсатында шұғыл түрде ревакцинациядан өту қажет. Қазіргі уақытта ревакцинациядан  халықтың,  тек 31,9% - ы ғана өткен.

              Сонымен қатар, Елордада «Pfizer» препаратымен вакцинациялауға жататын контингенттің 16 мыңға жуығы толықтай егілді. Вакцинаның толық курсын алғандар ішінде көшбастап тұрған 12 жастан асқан балалар мен жасөспірімдер – 9 876. Содан кейін емізулі аналар – 5 673 және жүкті әйелдер-361 адам.

              Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қыс айларында адамның иммунитеті әлсіреп, оны витаминдеу арқылы, сондай-ақ коронавирустық инфекциядан қорғану мақсатында ревакцинациядан өту қажет екенін атап өтті. Ұжымдық иммунитеттің деңгейі мен сақталу ұзақтығы қайта вакцинацияланған адамдардың санына байланысты екенін түсінгеніміз жөн. Бұл өз кезегінде вирустың одан әрі таралуы мен мутациясына, сондай-ақ аурудың жаңаша өршуіне мүмкіндік бермейді.