Қостанай облысы халқының жартысынан көбі COVID-19 қарсы вакцинациясының толық курсынан өтті

Қостанай облысы халқының жартысынан көбі COVID-19 қарсы вакцинациясының толық курсынан өтті

              Қостанай облысында COVID-19 бойынша аурудың оң динамикасы байқалады. Бүгінгі таңда өңір "жасыл" аймақта орналасқан. Өткен тәулікте облыста коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 49 жағдайы анықталды. Оның ішінде 42 адамда ауру белгілері болды, 7 жағдай - белгісіз.

              Ағымдағы жылдың басынан бері Қостанай облысында індеттің 11 718 жағдайы тіркелген (өткен жылдың ұқсас кезеңінде – 4 457). Қаңтар айының екінші онкүндігінде сырқаттанушылар санының өсуіне және салыстырмалы түрде жеңіл өтуіне сүйене отырып, өңірде "Омикрон" штаммының айналымы жайында айтуға болады.

              COVID-19 қарсы вакциналардың барлығы қауіпсіз, тиімді және адам өмірін сақтай алатындығы дәлелденді. Екпе сізге аурудың ауыр ағымынан және жұқтырған кезде ауруханаға жатқызудан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Бүгін Қостанай облысының көптеген тұрғындары короновирустық инфекцияға қарсы екпенің тиімділігіне көз жеткізді. Облыс халқының 60%  вакцинаның толық курсынан өтті.

             Егу науқаны басталғаннан бері бірінші компонентпен 357 202 облыс тұрғыны егілді, 341 181 адам толық курстан өтті.  Екпеден кейін қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. Сондай-ақ, аймақта жүкті әйелдер, 12 жастан асқан жасөспірімдер, емізулі аналар белсенді түрде вакцина алуда.

             Бүгінгі таңда 11 337 адам "Pfizer" препаратының бірінші дозасын алды, екінші компонентпен 8 334 адам егілді. Олардың ішінде: 113 жүкті әйел, 1 571 бала емізетін ана, сондай-ақ 12 жастан асқан 6 650 жасөспірім бар. Бустерлік инъекцияны 100 703 адам алды.