СҚО-да туберкулез аурушаңдығы 16%-ға төмендеді

СҚО-да туберкулез аурушаңдығы 16%-ға төмендеді

             Туберкулез  қоздырғышы әлемде алғаш рет 100 жыл бұрын ашылғанына қарамастан,  ауру әлі күнге дейін адамдарға үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан біздің елімізде туберкулездің профилактикасына көп көңіл бөлінеді.  СҚО-да жүргізілген профилактикалық және эпидеияға қарсы іс-шаралар кешенінің арқасында туберкулезбен ауыру соңғы 5 жылдар ішінде төмендеп келеді. Осылай, 2021 жылы туберкулезбен сырқаттану 16 % төмендеп,100 мың адамға шаққанда 33,35 құрады, ал бұл бір жыл бұрынғы 219 жағдайға қарағанда 183 жағдай. СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының айтуы бойынша негізінен ересек адамдар ауырады, балалар арасында жағдайлар аз.

            Алайда, сақтықты жоғалтуға болмайды, өйткені туберкулез дененің барлық тіндерін зақымдауы мүмкін. Бірақ, қабыну процессінің  ең көп таралуы тыныс алу мүшелері болып табылады. Мәселен, 2021 жылы СҚО-да туберкулез сырқаттанушылық құрылымында тыныс алу ағзалары  туберкулезінің үлесі   93%, қалғандары басқа ағзаларға келеді.                                                                         

            Инфекцияның негізгі жұқтыру көзі – ауру адам. Көбінесе туберкулез ауа-тамшы жолымен таралады. Туберкулезбен ауыратын науқас жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде қақырық пен сілекейдің ұсақ тамшылары ауаға түседі, оларда көптеген микобактериялар болады.

            Туберкулез адамның жасына, жынысына қарамайды. Туберкулез микобактериясы әлеуметтік мәртебені ажыратпайды және кедейлер мен байларды  бірдей тиімділікпен жұқтырады. Туберкулез микобактериясы алғаш рет ағзаға түскенде адам ағзасында таралады, бірақ міндетті түрде ауруды тудырмайды. Олардың көпшілігі өледі, бірақ кейбіреулері өміршеңдігін сақтай алады. Адамның ағзасы, оған ешқандай зиян келтірмей, біраз уақыт бойы денеде сақтайды.

            Туберкулез ауруына жағымсыз факторлар үлкен рөл атқарады – тұрғын үй жағдайлары, дұрыс тамақтанбау, стресс, ұйқының болмауы, басқа аурулардың салдарынан ағзанын ауруға қарсылығы төмендеуі, халықтың санитарлық мәдениетінің төмен болуы, адамның ағзасын әлсіретеді және аурудың қозуын арттырады.  Алкоголь мен темекі шегуді теріс пайдаланатын адамдар туберкулез ауруына өте төзімді.

            Балалар ауруының профилактикасында туберкулезге қарсы  вакцинациялау, жұқтырған балаларды  туберкулин сынамалары әдісімен анықтау, оларды туберкулез ошақтарынан оқшалау және сауықтыру өте маңызды болып табылады.

            Туберкулез ауруының профилактикасында ең маңызды шаралары: денсаулықты шынықтыру әдісімен нығайту, иммунитетті төмендететін ауруларды емдеу.