Нұр-Сұлтан қаласы «жасыл» аймақта. Бірақ босаңсуға болмайды

Нұр-Сұлтан қаласы «жасыл» аймақта. Бірақ босаңсуға болмайды

             Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияның тіркелу жағдайларының  төмендегенін ескере отырып,  қаланың 16 ақпаннан бастап «сарыға», кейін 21 ақпаннан бастап эпидемиологиялық матрицаның «сары» аймағынан «жасыл» аймағына өткендігін байқаймыз.

             Қазіргі уақытта (24 ақпанда) апталық сырқаттанушылық көрсеткіші қаңтардағы        (25 қаңтарда) ең жоғары апталық сырқаттанушылық көрсеткішімен салыстырғанда 84,8 есеге, яғни 35 565 жағдайдан 419 жағдайға дейін төмендеді. 

             Соңғы аптада сырқаттанушылық деңгейі алдыңғы аптамен салыстырғанда 2,4 есе, яғни 100 мың тұрғынға шаққанда 84,6-дан 33,9-ға дейін төмендеуі тіркелді. Өткен тәулікте 43 жағдай тіркелді. Коронавирустық инфекцияның даму қарқыны бойынша RT репродуктивті саны 0,52 құрайды.

Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты  қала бойынша қаулы шыққан болатын, соған сәйкес бірқатар шектеулер алынып тасталады:

- "Ashyq" қосымшасында "жасыл" және "көк" мәртебесі бар тұлғалар үшін (келушілерде) әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін, күшейтілген санитариялық және дезинфекциялық режимін сақтай отырып, сауда ойын орталықтарына сауда үйлеріне, азық-түлік емес және азық-түлік сауда желілеріне, бассейндерге, ойын клубтары мен түнгі клубтарға, караоке және басқа да бизнес объектілеріне шектеусіз кіруге рұқсат етіледі;

- көрмелерді, марафондарды, спорттық, салтанатты, естелік, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, еске алу), конференцияларды, форумдарды, ойын-сауық, діни объектілерде ұжымдық Құдайға сыйыну және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізуге және баруға рұқсат етіледі;

- офлайн режимде ұйымдар мен кеңселердің жұмысы үшін шектеулер алынып тасталды;

- ауру белгілері болмаған жағдайда байланыста болған адамдар үй карантинінде оқшауланбайтын болды ("Ashyq" жобасынан "сары" мәртебесі алынып тасталды);

- балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне білім беру ұйымдарының ғимаратына кіруге рұқсат етіледі.

             Естеріңізге сала кетейін, коронавирустық инфекция бойынша сырқаттанушылық көрсеткіштерінің төмендеуіне және карантиндік шаралардың жеңілдетілуіне қарамастан, коронавирус таралуын әлі де  жалғастыруда және мутацияға ұшырауда. Соңғы рет жүргізілген секвенирлеу нәтижелері бойынша осы жылдың қаңтар айынан бастап елордада омикрон-штамм басым болуда, сонымен қатар қалада жоғары өлім-жітімге ие  және ауру ағымының аса ауыр түрлерін туындататын  "Дельта" штаммының үлесі -29,4% құрады.

             COVID-19-дан қорғанатын жалғыз жол-вакцинация. Бүгінгі күні елордада халықты вакцинаның бірінші компонентімен қамту тиісті халықтың 71,5% және екі компонентімен 67,3% құрады.

             Осылайша, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша вакцинаның бірінші компонентін 509 мыңнан астам азамат алса, 480 мыңға жуық тұрғын иммундаудың толық курсынан өтті.

             Алайда, вакцинаның екінші компонентін алғандар ішінде  284 814 адамда вакцинациялау сәтінен бастап 6 ай өтті және оларға шұғыл түрде иммунитетті көтеру үшін ревакцинациядан өту қажет. Қазіргі уақытта ревакцинацияға тиесілі халықтың, тек 31,2% - ы ғана алған.

             Қыс айларында адамның иммунитеті әлсірейді және оны витамин қабылдау арқылы, сондай-ақ коронавирустық инфекциядан қорғану үшін ревакцинациядан өту қажет. Ұжымдық иммунитеттің деңгейі мен сақталу ұзақтығы қайта вакцинацияланған адамдардың санына байланысты екенін түсінгеніміз жөн.  Бұл өз кезегінде вирустың одан әрі таралуы мен мутациясына, сондай-ақ аурудың жаңаша өршуіне мүмкіндік бермейді.

             Тәжірибемізден көргендей, әр мерекеден кейін эпидемиологиялық жағдай әлеуметтік байланыстардың өсуіне, карантиндік шаралардың сақталмауына байланысты нашарлайды. Сондықтан сіздерді мереке күндері қарсаңында қарапайым қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпауға шақырамын. Наурыз айындағы мейрамдар эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуіне алып келмеуі тиіс. Ал бұл біздің сіздермен алдын алу шараларын сақтаудағы жауапкершілігімізге тікелей байланысты.

            Вакцинация алмай, әлі де ойланып жүрген адамдарға айтарым, өзіңіздің және өзгенің денсаулығы сіздің таңдауыңызға байланысты болады. Дұрыс таңдау жасаңыз.