
Қарағанды облысы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «жасыл» аймаққа өтті, бұл ретте карантиндік шараларды жеңілдету «жасыл» аймаққа "сары" аймақтан көшкеннен кейін 7 күннен ерте жүргізілмейді.
Эпидемиологиялық мониторингке сәйкес қазіргі уақытта облыста жаңа жағдайларды тіркеудің төмендеуі байқалады, осылайша өткен аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда 3 есеге төмендеу тіркелді.
22 ақпандағы жағдай бойынша бірінші компонентпен – 660 463 (73,6%) егілді, 589 946 (65,7%) адам вакцинациялаудың толық курсын алды.
«Комирнати» вакцинасының бірінші компонентін («Pfizer» компаниясы өндірген) 32 866 адам алды, 20 103 адам вакцинация курсын аяқтады.
Бүгінгі күні облыс бойынша 138 559 адам иммунитетті көтеру үшін үшінші бустерлік дозамен ревакцинациядан өтті.
Коронавирустық инфекцияның ауыр ағымынан қорғауды арттыру үшін бустерлі вакцинация қажет. Уақыт өте келе вакциналардың тиімділігі төмендейді, сондықтан қосымша егу ұсынылады. Әрине, вакцинация ауыр аурулардан қорғауды арттырады. Бұл әсіресе қауіпті топтар: 60 жастан асқан адамдар, сондай-ақ қатар жүретін аурулары бар адамдар үшін өте маңызды.
Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шығарылды, оған сәйкес бірқатар шектеулер алынып тасталды:
- «жасыл» және «көк» мәртебесі бар адамдар үшін «Ashyq» қосымшасында келушілерде әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін, күшейтілген санитариялық және дезинфекциялық режимін сақтай отырып, СОО, сауда үйлеріне, сауда алаңы 1000 шаршы метрден асатын сауда желілеріне (азық-түлік емес), сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын сауда желілеріне (азық-түліктік), бассейндерге, ойын, түнгі клубтарға, караоке және басқа да бизнес объектілеріне шектеусіз баруға рұқсат етілген;
- көрмелерді, марафондарды, спорттық, салтанатты, естелік, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, еске алу), конференцияларды, форумдарды, ойын-сауық, ұжымдық Құдайға құлшылық етуді және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізуге және баруға рұқсат етіледі;
- офлайн режимде ұйымдар мен кеңселердің жұмысы үшін шектеулер алынып тасталды;
- ауру белгілері болмаған кезде байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау жойылды («Ashyq» жобасынан «сары» мәртебесін алып тастау);
- балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне білім беру ұйымдарының ғимаратына кіруге рұқсат берілді, басқа да бірқатар жеңілдіктер енгізілді.
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті коронавирустық инфекция бойынша сырқаттанушылық көрсеткіштерінің төмендеуіне және карантиндік шаралардың жеңілдетілуіне қарамастан, коронавирустық инфекция айналымын жалғастыруда және мутацияға ұшырайтынын еске салады. Күнтізбелік қыстың аяқталуына бір аптадан аз уақыт қалды, адам ағзасы ұзақ қыс айларында аздап әлсіреді, осы кезеңде адамның иммундық жүйесін қорғаудың төмендеуі байқалады, сондықтан біз сіздерді қарапайым қауіпсіздік шараларын ұмытпауға шақырамыз және вакцинациядан өтпеген адамдар өз денсаулығын қорғау мақсатында дұрыс шешім қабылдауы керек.