
Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді. Соңғы аптада аурудың тәуліктік өсімі тәулігіне 1 200 жағдайға дейін төмендеді, бұл инфекцияның таралу коэффициентіне де әсер етті, ол 27 қаңтардан бастап бір бірліктен төмен және 0,6-ға тең.
Эпидемиологиялық жағдайдың көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалады. Соңғы айда коронавирус инфекциясы жағдайларының орташа тәуліктік саны 34 есе азайды. Стационарда емделіп жатқан адамдардың саны 2,3 есе, амбулаторияда емделушілердің саны 5,1 есе азайды.
Бүгінгі күні денсаулық сақтау ұйымдарында 30 мыңнан астам пациент, оның ішінде 86%-ы амбулаториялық деңгейде және 14%-ы стационарлық деңгейде емін жалғастыруда. Осы айда инфекциялық төсектердің қамтылуы 38%-дан 17%-ға дейін 2,2 есе, реанимациялық төсектердің қамтылуы 20%-дан 14%-ға дейін 6%-ға төмендеді.