«Ashyq» жобасына қатыспайтын нысандарға арналған жеңілдіктер

«Ashyq» жобасына қатыспайтын нысандарға арналған жеңілдіктер

              Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес ағымдағы жылдың 17 ақпаннан бастап облыс «сары» аймаққа ауысты. Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының қамтылу пайызы – 13,9% құрады.

              Естеріңізге сала кетейік, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 10.09.2021 жылғы №42 қаулысының қолданыстағы талаптарына сәйкес карантиндік шараларды жеңілдету «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткен соң 7 күннен кейін жүргізіледі.

              Осылайша, ШҚО-да 17 ақпаннан бастап 7 күн ішінде «сары» аймақ үшін қарастырылған әлеуметтік-экономикалық нысандардың қызметін шектеу критерийлері қолданылады.

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 11.02.2022 жылғы №1-5 қаулысына сәйкес, 17 ақпаннан бастап «Ashyq» жобасына қатыспайтын нысандар үшін бірқатар өзгерістер енгізіліп, шектеу шараларын жұмсарту қарастырылған:

- Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілеріне толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ отыратын орындар санын 50 орыннан асырмай сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген;

- Алкогольдік ішімдіктерді сатпайтын асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілеріне тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат етілген;

- Діни бірлестіктер объектілеріне (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) 30%-ға дейін, бірақ 100 адамнан аспайтын ұжымдық Құдайға қызмет етуге рұқсат етілген;

- Көрермендермен бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу, марафондар (ашық ауада) толтырылуы 15%-дан аспаған кезде спорттық іс-шараларды көрермендермен өткізуге рұқсат етілген:

- Жұмыс берушілерге (мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, өзге де ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, кеңселердің, тіршілікті қамтамасыз ету, қауіпсіздік, құқық тәртібі объектілерін, технологиялық процестің үздіксіз циклі бар кәсіпорындарды қоспағанда) келесі жұмыс форматы: 50% – еңбек заңнамасының талаптарын сақтай отырып, қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды жүргізуге қарамастан, қашықтан режим. Бірінші кезекте қашықтықтан жұмыс істеу форматына COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған жұмыскерлер және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-мен ауырмаған жұмыскерлер ауыстырылады. 50% – күндізгі режим (соңғы 6 айда COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алған және COVID-19-бен ауырған қызметкерлер).

            Айта кету керек, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу критерийлеріне»» және «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің тізбесіне «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы №7 қаулысының 4 және 5-қосымшаларымен бекітілген персонал мен келушілердің «жасыл» қауіпсіз мәртебесі бойынша сәйкес жұмыс істейді.

            Қазіргі уақытта шектеулерден тез шығудың кепілі коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация және карантин талаптары мен шектеу шараларын қатаң сақтау қажеттігін естен шығармаған жөн.