
Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялаудың екі компонентімен Павлодар облысының 355 мыңнан астам тұрғын егілді. Бірінші компонентті 372 мыңнан астам тұрғын немесе 72,7% алып отыр. Дегенмен, бұл статистика, өңір тұрғындарын вакцинациялаумен қамтудың қажетті деңгейіне әлі жетпегенін көрсетеді.
Облыс халқын иммундаумен қамтуына жасаған талдау көрсеткендей, ақпан айында вакцинация қарқыны I компонентпен 0,6% - ға, II компонентпен-1,9% - ға артты, әйтсе де Баянауыл ауданы вакцинация бойынша артта қалып отыр, бүгінгі күні аудан тұрғындарының 55% вакцина алған. Успен ауданы бірінші компонентпен 94,9% - ды, Ертіс ауданы - 85,9% - ды, Аққулы ауданы-85,3% және Тереңкөл ауданы-84,8% - ды құрап, Облыста жақсы нәтиже көрсетті.
Өңірде Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментімен ревакцинациялау барысына талдау жүргізілді. Аймақта буферлік дозаны 90,5 мың тұрғын алса, өткен тәулікте 1 032 адам қайта вакцинацияланды. Ең жоғары белсенділік 2022 жылдың қаңтарында байқалып, вакцинациялаумен халықтың 60% қамтылды. Жекелеген өңірлерде жоспар 100 және одан да көп пайызға орындалды. Атап айтқанда, Баянауыл ауданында - 119%, Железинде - 113%, Ертіс ауданында - 107%, Аққулы - 103%-ға жетті. Ал, Павлодар және Ақсу қалаларында вакцина алғандардың саны аз – сәйкесінше 48,2% және 48,8%-ды құрайды.
Облыста жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау жалғасып жатыр. Бүгінгі күні Pfizer препаратымен бірінші кезеңнен 10 335 адам өтті, оның ішінде 7 665 жасөспірім, 274 жүкті және 2 416 бала емізетін әйелдер. Екінші компонентті 6 735 адам алды.
Павлодар облысында эпидемиологиялық жағдай бұрынғысынша күрделі болып отыр, Баянауыл мен Май аудандарынан басқа, аймақтың қалған қалалары мен аудандары «қызыл» аймақта. Соңғы тәулікте 96 жаңа жағдай анықталды, облыста барлық кезең ішінде 77 425 адам КВИ ауырған.
Облыстағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында вакцинацияны, ревакцинацияны алуды қарқынын төмендетпей жалғастыру маңызды. Сондай-ақ, бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтап, халық көп жиналатын орындарға бармау сияқты алдын алу шараларын орындау қажет.