
Атырау облысында 2021 жылғы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп келеді.
Осы мақсатта, яғни тұмаудың жаңа ағымдағы эпидемиялық маусымына жергілікті бюджет есебінен тұмауға қарсы «Гриппол +» вакцинасының 65 000 дозасы сатып алынды.
Ақысыз негізде вакцинация медициналық қызметкерлерге, медициналық ұйым тарапынан медициналық бақылауға алынған балаларға, 6 айдан асқан науқас балаларға, жетім және ата -анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының балаларына, балалар үйлеріне, медициналық қызметтерді алушы медициналық -әлеуметтік мекемелеріне (ұйымдар), жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдер, жүрек -тамыр жүйесі мен тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдар және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
Жалпы, облыста ақысыз негізде 65 000 адам тұмауға қарсы екпемен қамтылса, ал жұмыс берушілер есебінен және ақылы негізде облыста тұмауға қарсы 2 671 адам вакцинациямен қамтылды.
Облыс бойынша барлығы 67 671 адам екпемен қамтылды, бұл екпеге жоспарланған халықтың 10,1% құрайды.
Ақысыз егумен қамтылғандарды 11 201 бала (жас бойынша: 0-4 жас - 3074, 5-14 жас - 8127) және 53 799 (медицина қызметкерлері – 5 614, жүкті әйелдер - 2245) ересек адамдар құрайды. Екпеден кейінгі қолайсыз әсер еткен жағдайлар тіркелген жоқ. Вакциналарды сақтау мен тасымалдау ережелері қатаң сақталады.
Өңірде Атырау облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Денсаулық сақтау басқармасының 2021 жылғы 17/20 қыркүйектегі №101/2460 «2021-2022 жылдардағы эпидемиялық маусымда тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекциялар бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу жұмыстарының дұрыс жүргізілуіне әдістемелік көмек көрсету туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес медициналық ұйымдардың екпе жүргізу дайындығы бойынша тексеріс жүргізілді.
Атырау облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Денсаулық сақтау басқармасы және Білім беру басқармасының 2021 жылы 13/14 қыркүйектегі № 99/451/259 «2021-2022 жылдардағы эпидемиялық маусымда тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекциялар бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы» бірлескен бұйрығы әзірленіп, ауру көрсеткішінің жоғарылауы кезеңіне медициналық мекемелердің жұмыс режимін бекіту, бетперделік режимін енгізу, автокөліктердің қосымша бірліктерін, үйге қызмет көрсету мақсатында қоңырауларды қабылдау үшін телефон нөмірлерін бөлу, емханаға емделушілер, мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерде сүзгілер жұмысын күшейту бойынша іс -шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, өңірдегі 54 ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың, мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік компаниялардың басшыларына тұмауға қарсы профилактикалық егулер жүргізуге ұсыныстар жолданды.
Бұған қоса, онлайн форматта «2021-2022 жылдардағы эпидемиялық маусымда тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы санитарлық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар туралы» облыстық семинар шарасы өткізілді.