Нұр-Сұлтан «сары» аймаққа өтті: қандай шектеулер қолданылады

Нұр-Сұлтан «сары» аймаққа өтті: қандай шектеулер қолданылады

              Нұр-Сұлтан қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, төмендеу үрдісі байқалады.

              Соңғы аптада коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық көрсеткіші алдыңғы аптамен салыстырғанда 2,9 есе, яғни 250,9-дан 84,6-ға дейін төмендеді. Бір тәулік ішінде COVID-19 бойынша 127  жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш -84,6, репродуктивтік сан – 0,476 құрады. Көрсеткіштерге сәйкес, 16 ақпаннан бастап қала эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті.

             Елорданың "сары" аймақта орналасқанын ескере отырып, "жасыл" статуспен қоса "көк" статусты кісілерді  кіргізуге  рұқсаты бар объектілер критерийлерге сәйкес толымдылығы 70% - ға дейін жұмыс істеуге құқылы: театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар, бильярд бөлмелері, компьютерлік клубтар, боулинг, цирктер, қоғамдық тамақтану объектілері, мейрамханалар, дәмханалар және т. б.

             Қаланың қай аймақта  орналасқанына қарамастан, объектілерге шектеусіз қызмет етуге рұқсат етіледі – келушілер мен барлық персонал "жасыл" статусты болған жағдайда «Ashyq» жобасына қатысушылар: СОО, сауда үйлері мен сауда желілері, бассейндер, марафондар, көрмелер, караоке, діни объектілер. Сонымен қоса, бұл естелік, салтанатты іс-шараларға, конференцияларға, форумдарға да қатысты.

            Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бизнестің жауапкершілігін арттыруды ескере отырып, кәсіпкерлік субъектілері үшін шектеу шараларын жеңілдету қабылданған болатын.

             Алайда, қаланың "сары" аймақта болуы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің тиісті қаулыларымен белгіленген жекелеген карантиндік шектеулерді сақтау қажеттілігін жоймайтынын есте ұстаған жөн. Қалада күн сайын аурушаңдық жағдайлары тіркеледі. Жыл басынан бері елордада 84 мыңнан астам жағдай тіркелген. Сондықтан мегаполис тұрғындарын өздері мен жақындары үшін жауапты болуларыңызды сұраймыз. Вирусты біржола жеңудің жалғыз жолы-вакцинация. Оның қаншалықты тез арада орын алатыны тек өзімізге байланысты.