«А» вирусты гепатиттің алдын алу шаралары

«А» вирусты гепатиттің алдын алу шаралары

              «А» вирустық гепатиті-тұрмыстық және алиментарлы (қоздырғышпен ластанған су және тамақ арқылы) жолдармен берілетін кең таралған жұқпалы ауру.

              «А» вирусты гепатитінің ерекшелігі  -  қоршаған ортаға төзімді: вирус бөлме температурасында бірнеше апта және ай сақталады, ал 4 ºС – бірнеше ай немесе жыл сақталады.

              Аурудың көзі - науқас адам болып табылады. Аурудың таралу факторы -  ауру адамнан бөлінген қоздырғышпен ластанған тамақ, су, күнделікті пайдаланылатын заттар, ойыншықтар.

               2021 жылы Маңғыстау облысында «А» вирусты гепатитінің жағдайы тіркелген жоқ. 2020 жылы "А" вирустық гепатитімен 14 адам ауырып, сырқаттану көрсеткіші – 1,90 құрады, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 6 жағдай, сырқаттану көрсеткіші – 2,31 құрады. Өткен жылмен салыстырғанда аурушаңдықтың 14 жағдайға төмендегені байқалады.

               А вирустық гепатитінің алдын-алу бір уақытта бірнеше бағытта кешенді түрде жүзеге асырылса тиімді.

Бірінші кезекте жалпы және жеке гигиена ережелерін күнделікті сақтау. Бұл ережелер өте қарапайым және бәріне белгілі. Мыналарды сақтау қажет:

- жеке бас гигиенаны сақтау, тамақтану алдында және дәретханадан шыққаннан кейін қолды сабынмен жуу,    

- жеміс жидектерді пайдалану алдында жуу,

- белгісіз су көздерінен шикі суды ішпеу, ішуге және тамақ дайындауға тек кепілдендірілген сапалы суды пайдалану,

- санитариялық -эпидемиологиялық қадағалау қызметтерімен рұқсат етілген су нысандарында ғана шомылу,

- білім беру нысандарындағы санитариялық тораптарда, сынып бөлмелерінде санитариялық-гигиеналық, дезинфекциялық режимді күнделікті қатаң сақтау.

             Аурудың арнайы профилактикасы - вакцинациялау. Вакцинамен 2 жастағы балалар егіледі. Вакцинация алты ай аралықпен екі рет жүргізіледі. Вирусты гепатитке қарсы жүргізілген вакцинацияның нәтижесінде вирусты гепатитке қарсы егілген балалар арасында аурушандылық жағдайы тіркелмеген.