
2021 жылдың маусым айынан бастап еліміздің ірі теміржол вокзалдарында «Ashyq» мобильді қосымшасы енгізілді, ол вокзалдарға коронавирустық инфекцияны жұқтырғандарды және байланыста болғандарды жібермеуге мүмкіндік береді. Бұл шара коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайтуға және байланыста болғандар санын азайтуға арналған.
Келушілерге рұқсат беру үшін, ғимаратқа кіреберісте келушінің мәртебесін анықтау үшін арнайы QR-кодты сканерлеген жағдайда жүзеге асырылады.
2021 жылы еліміздің 19 теміржол вокзалында карантин режимін бұзған 1513 келуші тіркелген, оның ішінде «қызыл» мәртебесі бар – 1088, «сары» мәртебесі бар – 425 адам.
«Қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдарды анықтаудың ең жоғары көрсеткіші 2021 жылғы шілде мен тамыз айларында байқалады. Оқшаулау режимін бұзған адамдардың ең көп саны Нұр-Сұлтан – 497, Алматы – 292, Қарағанды– 162, Атырау – 113, Ақтөбе – 105 қалаларының тұрғындары мен жолаушылары болып табылады. Осы тұлғаларға қатысты қажетті санитариялық-эпидемияға қарсы және алдын алу іс-шаралары жүргізілді.
Маңызды! ЖСН туралы деректер ешқайда берілмейді және қосымшаның профилінде қалады. ЖСН бойынша QR-кодты сканерлеу кезінде келушілердің мәртебесін тексеру ғана жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, «Ashyq» қосымшасының мақсаты халықтың қозғалысын бақылау емес, оның мақсаты – жұқтырған және байланыста болған адамдар үшін қоғамдық орындарға кіруді шектеу және сол арқылы ауру қаупін азайту.
Бүгінгі таңда, республиканың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 «Ashyq» жобасын енгізу туралы» қаулысына сәйкес, еліміздің теміржол вокзалдарында «Ashyq» жобасы іске асыру жалғасуда.