Денсаулыққа қауіпті өнімдер сатылымнан алынуда

Денсаулыққа қауіпті өнімдер сатылымнан алынуда

              ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті 2021 жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарды. Санитариялық мамандар азаматтар үшін қауіпті 4,4 тонна тамақ өнімдерін сатылымнан алып тастады.

               Азық-түлік қауіпсіздігін СЭБК мамандарымен тексеру тұрақты негізде   жүргізіледі. Санитариялық қызметтің міндеті - ішкі нарықты сапасыз өнімнен қорғау және ЕАЭО-ның техникалық регламенттерінің талаптарын бақылау жүйесінің тиімділігін арттыру болып табылады.

                Негізгі бұзушылықтар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден жеткізілетін өнімдердің 53,2%-нан, басқа елдерден келетін тауардардың 23,0% -  нан, отандық өндірушілер тауарларының 23,8% - нан анықталып отыр.

                 2021 жылы 30 051 сынама зерттелсе оның  3 339 (11,1%) үлгісі талаптарға сәйкес келмеген. Олардың қатарында таңбалау ережелерін сақтамау, микробиологиялық көрсеткіштер мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеу, бұрмалау бар.

                 Бұзушылықтардың ең көбі балық, құс еті, май және сүт өнімдері, кондитерлік және нан-тоқаш өнімдері, макарон, жарма сияқты азық-түлік өнімдерінде анықталып отыр. Сонымен қатар, бұзушылықтар жеміс-көкөніс өнімдерінде, ауыз суда, алкогольсіз және алкогольді сусындарда, биологиялық белсенді қоспаларда да кездеседі.

                 Анықталған фактілер бойынша 1 682 ұйғарым беріліп, 28 әкімшілік іс қозғалып, 5 сот қаулысы шығарылды. ҚР өндірушілеріне тиісті шаралар қабылдау туралы 457 хабарлама жолданды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 14 млн теңгеден асты.

                 Ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде, ЕАЭО елдеріндегі 12 өнім өндірушіге қатысты ветеринариялық-санитариялық санкцияларды қарау және енгізу туралы шешім қабылдау үшін ауыл шаруашылығы министрлігіне материалдар жолданды. Өнімі сәйкес келмейтін өнім өндірушілерге қатысты шаралар қабылдау үшін 30 хабарлама ЕАЭО комиссиясына жіберілді.