Елордада Омикрон штаммы басым болғанымен, Дельта өз таралуын жалғастыруда

Елордада Омикрон штаммы басым болғанымен,  Дельта өз таралуын жалғастыруда

              Елордада соңғы аптада COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуы байқалып, аурудың оң динамикамен төмендегені көрінеді.

               Мәселен, өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық 2,8 есеге, яғни 100 мың тұрғынға шаққанда 749,0-ден 260,6-ға дейін төмендеді. Бірақ тұрақтану үрдісіне қарамастан, КВИ-мен сырқаттанушылықты тіркеу жоғары деңгейде және қала "қызыл" аймақта қалып отыр.

               Өткен тәулікте 305 расталған жағдай тіркелді. Ағымдағы жылдың басынан бері елордада барлығы 83 917 жағдай тіркелген, оның ішінде 79 127 жағдай қаңтар айында тіркелген, бұл пандемия кезіндегі рекордтық айлық көрсеткіш болып табылады.

              Жыл басында сырқаттанушылықтың жоғары көтерілуіне байланысты науқастардан алынған 51 ПТР оң сынамаға секвенирлеу жүргізілді, оның нәтижесінде "омикрон" штаммы коронавируспен ауыратын 70,6-дан астам астаналықтарда анықталды, "дельта" штаммына 29,4% тиесілі, осылайша, елордада омикрон-штамм басым, алайда бұл ретте дельта штаммы сырқаттанушылықтың 29,4% - ын құрайтынын ұмытпаған жөн.

            Эпидемиологиялық жағдайдың одан әрі дамуы әрқайсымызға —байланысты. Яғни,  қауіпсіздік шараларын тұрғын ретінде, кәсіпкер ретінде және келуші ретінде қалай сақтайтынымызға етене әсер етеді.  Елордада омикрон штаммынан басқа, өлім-жітіммен және ауыр ағыммен сипатталатын дельта штаммының  да  белсенді таралуын   түсіну маңызды, оған бүгінгі статистика дәлел. Яғни қалалық ауруханалардағы реанимациялық төсек-орындары жүктемесі 50,3% - ды құрайды. Сондықтан биліктің үндеуі мен тыйымдарының арқасында қатаң шаралар әркез жұмыс істей бермейді. Бізге өз денсаулығымыз бен жақындарымыздың денсаулығы үшін саналылық пен тәртіптік қажет.

             Коронавирустан қорғаудың жалғыз жолы вакцинация және солай болып қала бермек. Сондай-ақ қауіпсіздік пен маска режимінің қарапайым талаптарын сақтау.  Есіңізде болсын, сіз өз өміріңіз үшін ғана емес, басқалардың өмірі үшін де жауаптысыз!