Медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың алдын алу шаралары

Медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың алдын алу шаралары

               Медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекцияларды (МККИ) бактериялар, вирустар мен саңырауқұлақтар тудырады. Инфекцияны жұқтыру медициналық мекемелерде медициналық қызметтерді  алу кезінде орын алуы мүмкін, сондай – ақ медицина ұйымының қызметкері өзінің кәсіптік  жұмысын орындау нәтижесінде жұқтырған инфекциялық ауруы болып саналады.

               МККИ   даму дәрежесіне қарамастан бүкіл елде  туындайды және дүние жүзілік масштабта пайда болады.

               Қазіргі жағдайда көпсалалы емдеу-профилактикалық ұйымдарында алдыңғы орында  іріңді-септикалық инфекциялар  (бұдан әрі-ІСИ) тұр. Көптеген жағдайда ІСИ босанғаннан кейінгі кезеңдегі және хирургиялық бейіндегі науқастарда жиі кездеседі.

                2021 жылы  Ақтөбе облыстағы емдеу-профилактикалық ұйымдарында МККБИ-дің 50 жағдайы тіркелді, оның 17 жағдайы хирургиялық стационарларда, 8 жағдайы босандыру ұйымдарында, 9 жағдайы жаңа туылған нәрестелер арасында, 11 жағдайы егуден кейінгі асқынулар, зәр шығару органдарының асқынуы 4 жағдай, тыныс алу жолдарының асқынуы 1 жағдайда.

Емдеу ұйымдарындағы МККИ аурушаңдығының

 себептері мен фактолары:

- пациенттердің ағзасының қарсылық күшінің төмендеуі;

- күрделі диагностикалық және емдеу процедураларының жүргізілуі (сүңгі қою, эндоскопия, пункция, қан алу, егу, органдар мен тіндерді трансплантациялау, оталау, интубацилау, катетерлеу, гемодиализ);

- емдеу ұйымдарының аспаптармен, құрал-саймандармен, таңу заттарымен жабдықталуының материалдық-техникалық жектіліксіздігі;

- авариялық жағдайлар (су, канализация жүйесінде), суық, ыстық судың үзіліспен берілуі, жылу және электрожабдықтардың бұзылуы;

- персоналдың және науқастардың өздерінің жеке бас гигиенасын сақтамауы.

МККИ алдын алу шаралары:

- санитариялық ережелердің талаптарын сақтап емдеу ұйымдарын салу және реконструкциялау;

- тиімді жасанды және табиғи желдету;

- сумен жабдықтау және су бұру жағдайын номативке сай келтіру;

- медициналық қалдықтармен жұмыс істеу ережесін сақтау;

- МККИ эпидемиологиялық қадағалау:

- санитариялық-дезинфекциялық режимді зертханалық мониторингтеу;

- МККИ алдын алу сұрақтары бойынша қызметкерлерді дайындау және оқыту;

- медицина персоналының міндетті және мерзімдік медициналық тексеріп-қараулардан уақытылы өтуі және персоналды иммунизациялау.