Қоршаған орта объектілерін санитариялық-эпидемиологиялық мониторингілеу мәселелері

Қоршаған орта объектілерін санитариялық-эпидемиологиялық мониторингілеу мәселелері

             Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) базасында Комитет төрағасының орынбасары Н.О.Сәдуақасовтың төрағалығымен, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен мамандарының, Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми практикалық орталығы филиалы мен Комитеттің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалдары (бұдан әрі – Филиал) өкілдерінің қатысуымен қоршаған орта объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг (бұдан әрі - СЭМ) жүргізу мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.

            Кеңесте СЭМ өткізу қажеттілігі, бақылау нүктелерін белгілеу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, СЭМ көрсеткіштерінің халықтың сырқаттанушылығына әсері және өзге де мәселелер бойынша СЭМ өткізу барысындағы кемшіліктер мәселелері қаралды.

           Жұмыс барысында Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің мамандары елді мекендердің атмосфералық ауасы мен сумен жабдықтау объектілеріне СЭМ жүргізу бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

           Талдау қорытындысы бойынша департаменттер мен филиалдарға жүргізілген СЭМ ақпараттық мазмұнын, нәтижелілігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырмалар, атап айтқанда, бақылау нүктелерін айқындау, СЭМ жүргізу әдістемесіне бірыңғай тәсілді әзірлеу қажеттілігі туралы тапсырмалар берілді.

           Комитет осы бағыттағы жұмысты жалғастыруда.