
2021 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімімен жалпы алғанда 181 шағым қаралды, олардың саны 2020 жылмен салыстырғанда бірнеше есе өсті, дәлірек айтсақ, 3 есе көп. Барлық шағымдардың жалпы санының 9,9% - ында жоспардан тыс тексерулерді ашу үшін нақты негіздер болды.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның қауіпті факторлар адамдардың денсаулығына зиянды әсер ету туындаған немесе туындау қаупі төнген кезде ақпарат (шұғыл хабарлама) алуы тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар етпей жоспардан тыс тексерудің негізі болып табылады.
Жүргізілген жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша мынадай шаралар қабылданды:
- Шағымдар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде 6 шағым расталмады;
- Зертханалық-аспаптық зерттеулермен 4,4% жағдай қаралды;
- Құзыреті бойынша қарау үшін басқа ведомстволарға қайта жолданды 23 шағым;
- Жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін негіздердің болмауына байланысты 137 шағым немесе 75,7% жазбаша түсініктеме берілді.
Жүргізілген жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша мынадай шаралар қабылданды: әкімшілік құқық бұзушылық туралы 12 хаттама және қысқартылған іс жүргізу тәртібімен әкімшілік айыппұл төлеу туралы түбіртек жасалды; 11 нұсқама берілді; 1 материал сотқа берілді.
Шағымдар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтардың сипаты:
- Тырнақ студиясының шектеу және карантиндік іс-шараларын бұзуы
Атап айтқанда: қызметкерлер бетперделер мен қолғаптарсыз жұмыс істеді; салонға кіру кезінде температураға бақылау жүргізілмеді; қол санитайзерлері болмады; бактерицидті шамдар мен дезинфекциялау құралдары болмады; бұдан басқа салонда сумен жабдықтау және қол жууға арналған раковина болмады; желдеткіш, сондай-ақ персонал мен келушілерге арналған санитариялық тораптар көзделмеген.
- Карантин режимі кезінде спорттық іс-шаралар өткізілген
Алматы қаласындағы тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай кезінде тыйым салынған шараларға қарамастан және осы қабылданған шектеу шараларына сәйкес екі субъектінің талаптарды бұзу фактілері анықталды.
- Салқындатқыштың жұмысынан шу
Тұрғын үй тұрғындары үшін қолайсыздық тудырған әкімшілік ғимараттың салқындатқышының жұмысынан болатын шуды өлшеу нәтижелері белгіленген нормадан асып кеткенін көрсетті.
- Септиктерді орнату және тұрғын үйлерден санитариялық алшақтықтардың болмауы.
Жалпы, 2021 жылдың қорытындысы бойынша, алдыңғы жылдардағыдай қайталама шағымдарды тіркеу байқалмады, бұл тұтынушылардың құқықтарын бұзудың жолын кесу мақсатында тексерулердің тиімділігін көрсетіп отыр.
Сондай-ақ, Алматы қаласының барлық азаматтарын: қызметіне қарамастан, әсіресе, қала «қызыл» аймақта болған кезде эпидемияға қарсы шараларды қатаң ұстануға шақырамыз. Санитайзер, қорғаныс бетпердесі, қолғап және әлеуметтік қашықтық сияқты қарапайым талаптар коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін едәуір төмендетеді.