
Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялаудың екі компонентімен толық курсын Павлодардың Ертіс өңірінің 369 340 тұрғыны алды, бұл вакцинациялауға жататын тұрғындардың 70% - ын құрайды. Бірінші компонентті алғандар саны 368 993 адам, яғни 72% астам.
Ревакцинациядан 80 891 адам өтті . Өткен тәулікте вакцинациялаудың 3 курсынан 1184 павлодарлық өтті. Иммунологтар ревакцинация COVID-19 омикрон штаммынан қорғаныс бола алады деген зертханалық тұжырымдарды растап отыр.
Бүгінде павлодарлықтар QazVac, Спутник V, Спутник Лайт, Коронавак, Vero Cell, Vero Cell (Hayat-Vax), «Комирнати» (Пфайзер) сияқты вакциналарын ала алады.
Облыста жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау жалғасып жатыр. Бүгінгі күні Pfizer препаратымен бірінші кезеңнен 9 мыңнан астам адам өтті, оның ішінде 6 632 жасөспірім, 252 жүкті және 2 226 бала емізетін әйелдер. Екінші компонентті 5 мыңнан астам адам алды.
Халықты КВИ-ға қарсы вакцинациялаумен қамту рейтингісінде елді мекендер бойынша жетекші орынды Успен ауданы алады. Статистикаға сәйкес, осы аймақта халықтың 94% - ы коронавирусқа қарсы вакцинацияланған. Екінші және үшінші орында Ертіс және Аққулы аудандары. Артта қалушылар қатарында - Май (69,49%) және Баянауыл (54,99%) аудандары.
Бүгінде эпидемиологтардың күш-жігері эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға, коронавирус инфекциясының таралуын тоқтатуға және азаматтардың денсаулығын қорғауға бағытталған. Павлодар облысы санэпидбақылау департаментінің мамандарымен пандемия кезеңінде тұрғындар арасында вакцинация, ревакцинация және аурудың алдын алу мәселелері бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, республикалық және өңірлік телеарналарда, облыстық радиода, әлеуметтік желілердегі ақпараттық алаңдарда жаңалықтар сюжеттері мен хабарлар тарату ұйымдастырылуда.
2022 жылдың басынан бастап бас санитариялық дәрігер аймақтық «Ертіс» және «Ирбис» телеарналарында 9 сөз сөйлеу ұйымдастырылды. Департамент мамандарының қатысуымен 4 брифинг, теледидарда 19 сөз сөйлеу, 11 радиохабар әзірленді, түрлі сайттарда 113 бейнеролик орналастырылды, әлеуметтік желілерде 130-дан астам ақпарат, ресми сайттарда 360-тиматериалдар жарияланды, 610 жадынама таратылды, 289 санбюллетней шығарылды, 58 инфрографик жарияланды, 3 семинар өткізілді (жүкті және бала емізетін әйелдердің, ауылдық округ әкімдерінің, ауыл тұрғындарының қатысуымен), өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшыларымен зум режимінде кездесу өткізілді, азаматтардың әртүрлі санаттарымен түсіндіру сұхбаттары, қалалар мен аудандар бөлінісінде халықты вакцинациялаумен қамту бойынша рейтингіні көрсете отыра Департаменттің, сондай-ақ облыстың ақпарат және қоғамдық даму басқармасының ресми парақшаларында вакцинациялаумен қамту бойынша деректер күн сайын жарияланады.
Облыстағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында вакцинацияны, ревакцинацияны алуды қарқынын төмендетпей жалғастыру маңызды. Сондай-ақ, бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтап, халық көп жиналатын орындарға бармау сияқты алдын алу шараларын орындау қажет.