Өзіңді COVID-19-дан қорғау-әркімнің саналы таңдауы

Өзіңді COVID-19-дан қорғау-әркімнің саналы таңдауы

              Елордадағы эпидемиологиялық жағдай әлі де шиеленісе түсуде және шаһар "қызыл" аймақта қала бермек .

              Осылайша, тәулігіне алғашқы зертханалық расталған 366 жағдай тіркелді,оның ішінде 270 жағдай симптомды, 96 симптомсыз. Соңғы аптада 4 409 COVID-19 жағдайы тіркелді. Алдыңғы аптамен салыстырғанда (13 627 жағдай) жағдайларды тіркеу саны 3 есе азайды. КВИ-мен ауырғандарды барынша анықтау мақсатында қалада 24 зертхана жұмыс істейді, онда тәулігіне 11 мыңнан астам ПТР зерттеулер жүргізіледі. Ағымдағы жылдың басынан бері 282 114 зерттеу, оң 83 351, оның ішінде қайталама талдаулар жүргізілді.

              "Омикрон" жаңа штаммының басты ерекшелігі-вирустың тез таралуында. Ол қалада анықталған сәттен бастап, яғни қаңтар айының басынан 7 ақпанға дейін барлығы 83 067 жағдай тіркелді, бұл пандемия кезіндегі рекордтық айлық көрсеткіш. Алайда, пациенттерді стационарларға жатқызу айтарлықтай қалыпты.  Бұл, ең алдымен, вакцинацияланған тұрғындар мен қайта ауырып шыққан– иммунитеті бар адамдардың көп пайызына байланысты. Қазір олар бұл толқыннан оңай өтуде.

               Дегенмен, тұрғындардан айтарлықтай жауапкершілік пен мұқият болу күтіледі. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация мен ревакцинация өте маңызды. Бұл жеке қауіпсіздік мәселесі және ұжымдық иммунитет мәселесі тарапынан да. Ұжымдық иммунитетті құру арқылы ғана вирустың бірінен екіншісіне таралу тізбегін үзіп, пандемияны тоқтатуға болады.  Қазіргі уақытта қала бойынша 1 компонентпен вакцинацияланғандар саны 502 318 адам, 2 компонентпен 469 602 адам.  Ревакцинация қатарына тиесілі  адамдардың 69 077 немесе 28,2% адамы ғана екпе алды. 

             КВИ - ге қарсы иммундау, ең алдымен, отбасының, балалар мен қарт ата-аналардың денсаулығы үшін маңызды. Соңғы санаттағы адамдарда бар кедергілер бойынша вакцина алу мүмкіндігі жоқ (медициналық жетектері бар адамдар санаты). Егер айтарлықтай кедергілер болмаса, мүмкіндігінше тезірек вакцинация және ревакцинация алу қажет. Вакцинаны бұрынғыдай медициналық ұйымдардың және СОО, СҮ вакцинациялау пункттерінде алуға болады. Вакциналардың бес түрін таңдауға болады: "QazVac". "Спутник V", "Спутник Лайт", "Vero Cell", "Pfizer". Айналаңыздағы адамдардың денсаулығы қамқорлық жасау үшін берілген осы мүмкіндікті пайдалану-әркімнің таңдауы.

            Елорданың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті маска режимін қатаң сақтауды еске салады. Өз денсаулығыңызға, әсіресе эпидемиологиялық жағдайдың ушығуы кезеңінде жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Саналылық, жауапкершілік танытып, дұрыс таңдау жасаңыз — екпе алыңыз!