
Аталмыш препарат өңір тұрғындарына 27 қаңтар айынан бастап қол жетімді болды. Облысқа бұл вакцинаның бес мың дозасы келіп түсті. Осы күндері үдеткіш инъекциядан өтуге ниет білдірушілер көбейді. Емханаларда, сондай-ақ егу пункттерінде ревакцинацияланғандардың айтарлықтай өсуі байқалады. Облыс тұрғындары "Спутник Лайт" векторлық вакцинасымен егілуде.
Тек өткен апта ішінде 4 040 тұрғын КВИ қарсы вакцинасының үшінші дозасын аталмыш препаратпен алды. Олардың басым бөлігі Қостанай – 1 699 және Рудный – 980 қалаларында. Созылмалы аурулары бар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қантамыр жүйесі) бес жүзден астам адам "Спутник Лайтпен" қайта егілді.
Бүгінгі таңда Қостанай облысында вакцина саны жеткілікті. Белсенді емес вакцинамен егілген әрбір адам – Vero Cell, Hyat-Vax, QazVac, CoronaVac – ресейлік "Спутник Лайт" вакцинасымен немесе "Спутник V" бірінші компонентімен күшейткіш дозаны ала алады. Белгілі топқа жататын азаматтар, сондай-ақ 60 жастан асқан адамдар және медицина қызметкерлері Pfizer препаратымен ревакцинациядан өте алады.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 80 172 адам қайта егілді. Әр түрлі вакциналардың кросс-инъекциясы барлық СOVID-19 штамдарына қарсы иммундық күйді бекіту үшін қолданылады. Өңір тұрғындары қалауларынша бірінші рет екпе алған вакцинамен ревакцинациядан өте алады.