
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының және Internet – ProMed торынан 2022 жылғы 31 қаңтар айының мәліметтері бойынша әлемде келесі жұқпалар тіркелген:
Тырысқақ: Африка аймағында, Бенинде өткен жылдың 1 қыркүйегінен 2022 жылдың 16 қаңтарына дейін барлығы 1430 жағдай тіркелді, оның ішінде 20 адам қайтыс болды.
Күйдіргі: Оңтүстік-Шығыс Азияда: Индонезияда 10 жағдай, өліммен аяқталған жоқ.
Бүйрек синдромды геморрагиялық қызбасы: Ресейде (Марий Эл Республикасы және Башқұртстан Республикасы) аурудың 25 жағдайы тіркелді, өліммен аяқталған жоқ.
Ласса қызбасы Африка аймағында тіркелген, Нигерияда-170 жағдай, оның ішінде 32 адам қайтыс болды.
Денге қызбасымен: әлемде 47618 жағдай тіркелген, оның ішінде 47 адам қайтыс болған. Америка аймағында 37421 жағдай тіркелген, оның ішінде 9 адам қайтыс болды: (АҚШ – 2 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Сальвадор – 310 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Гондурас – 65 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Мексика – 791 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Панама – 21 жағдай, 1 адам қайтыс болды), (Колумбия – 2013 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Перу – 3366 жағдай, оның ішінде 5 адам қайтыс болды), (Барзилия – 29886 жағдай, оның ішінде 3 адам қайтыс болды), (Парагвай – 967 жағдай, өліммен аяқталған жоқ); Батыс Тынық мұхиты аймағында - 1070 жағдай тіркелген, оның ішінде 1 адам қайтыс болды: (Қытай-3 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Вьетнам - 911 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Филлипиндер – 64 жағдай, оның ішінде 1 адам қайтыс болған), (Бангладеш – 91 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Австралия – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ); Оңтүстік – Шығыс Азияда 9127 жағдай тіркелген, оның ішінде 37 өлім жағдайы: (Үндістан-56 жағдай, оның 5 – уі Непалдан әкелінген), (Индонезия – 977 жағдай, оның ішінде 17 адам қайтыс болған), (Шығыс Тимор – 1198 жағдай, оның ішінде 20 адам қайтыс болған), Шри-Ланка – 6896 жағдай, өліммен аяқталған жоқ).
Хантавируспен әлемде 3 жағдай тіркелген, оның ішінде 1 өлім жағдайы: (АҚШ – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Аргентина – 1 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Чили – 1 жағдай, адам қайтыс болды).
Кьясанур орман ауруы: Үндістанда 1 оқиға тіркелді, өліммен аяқталған жоқ.
COVID-19 коронавирустық инфекциясының әлем бойынша (2020 жылды қоса алғанда) 372 150 530 жағдайы тіркеліп, 5328939 адам қайтыс болды.