Вакцинация науқаны туралы

Вакцинация науқаны туралы

              Шығыс Қазақстан облысы тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина-профилактикалық шаралар қарқынды жүргізілуде.

              2022 жылғы 2 ақпандағы жағдай бойынша вакцинаның бірінші компонентін 914 381 адам, ал екінші компонентін 905 003 адам алды, бұл көрсеткіш вакцинациялауға жататын жалпы халықтың 100%-ынан асып түсті.

              Қарашаның үшінші онкүндігінен бастап аймақтағы жалпы егу науқанына 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер, жүкті әйелдер (жүктіліктің 16-дан 37-ші аптасына дейін) және бала емізетін әйелдерді (босанғаннан кейін 42 күн) Pfizer/BioNTech шығарған «Комирнати» вакцинасымен егу қосылды.

              2022 жылғы 2 ақпандағы жағдай бойынша  вакцинациялауға жататын  99 828 адам «Комирнати» вакцинасының 1-компонентін алды, оның ішінде 2 256 жүкті әйел, 7 663 бала емізетін әйел, 89 909 жасөспірім бар. 2-компонентпен 80 640 адам егілген, оның ішінде 1 860 жүкті әйел, 6 044 бала емізетін әйел, 72 736 жасөспірім.

              Вакцина салдырған адамдарда вакцинаға қолайсыз реакциялар тіркелмеген.

              Елімізде «Омикрон» штаммы Sars-Cov-2 вирусының таралуына байланысты қазір кейбір өңірлерде эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлаған.

               Алаңдауға негізгі себептердің бірі – «Омикрон» коронавирусының жаңа штаммының жылдам таралуы және азаматтардың белсенді қозғалысымен байланысты, сонымен қатар сақтық шараларын елемеуі, маскалық режимді сақтамауы, көпшілік жиналатын орындарға баруы.

              Эпидемиологтар мен иммунологтардың пікірінше, ревакцинация екінші екпені алған күннен бастап 6 айдан кейін «омикрон» коронавирусының жаңа штамынан қорғауға көмектеседі.

               2022 жылғы 2 ақпандағы соңғы мәліметтерге сәйкес облыста 77 912 коронавирусқа қарсы ревакцинациядан (үшінші бустерлік доза) өтті. Иммундық жүйені нығайтуға ревакцинация QazVac, VeroCell, Спутник Лайт вакциналарымен жүргізілуде.

               ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындарын COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырады, соның салдарынан біз бәріміз қалыпты бұрынғы өмірге орала аламыз. Вакцинацияның мақсаты – КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырып, ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету.