Шектеулермен немесе онсыз өмір сүру тек астаналықтарға байланысты

Шектеулермен немесе онсыз өмір сүру тек астаналықтарға байланысты

             Ағымдағы жылдың басынан бері елордада коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай аса күрделі болып отыр.

             Тұрақтану үрдісіне қарамастан тіркеу жоғары деңгейде қалуда, тек бір тәулік ішінде 822 расталған жағдай тіркелді.  2022 жылдың басынан бастап 79 494 жағдай тіркелді, бұл жалпы Қазақстан Республикасы бойынша барлық тіркелген жағдайлардың 45% - ын құрайды.  

              Мемлекет басшысының 2022 жылғы 21 қаңтардағы тапсырмаларын іске асыру мақсатында ВАК-та бизнес субъектілері үшін шектеулерді жеңілдету түрлері қаралып  мақұлданған болатын. Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 3 Қаулысы қабылданды. Онда енгізілген өзгерістерге сәйкес қала қай аймақта орналасқанына қарамастан, келушілер мен барлық персоналда "жасыл" мәртебе болған жағдайда Ashyq жобасына қатысушы келесі объектілерде шектеусіз қызмет етуге рұқсат етіледі: СОО, сауда үйлері мен сауда желілері, бассейндер, марафондар, көрмелер, караоке, діни объектілер. Бұл естелік, салтанатты іс-шараларға, конференцияларға, форумдарға да қатысты. Ал келесі объектілерге  "көк" және "жасыл" мәртебе иелеріне кіру рұқсат етілгендіктен шектеулермен жұмыс істейді: театрлар, кинотеатрлар, океанариумдар, бильярд, компьютерлік клубтар, лотерея клубтары, букмекерлік кеңселер, ЖОО, колледждер, орта білім беру ұйымдары, қоғамдық тамақтану объектілері. Елорданың "қызыл" аймақта орналасқандығын ескере отырып, критерийлерге сәйкес, балаларды сауықтыру орталықтары, театрлар, океанариумдар, бильярд бөлмелері, боулингтер, цирктер, мейрамханалар, кафелер, кинотеатрлар сыйымдылығы 60% дейін  жұмыс істеуге құқылы.

            Айта кетейік, пандемия кезеңінде бизнестің барлық салаларында мұндай карантиндік жеңілдету шаралары әлі де болған жоқ. Бұл бизнестің белгіленген қауіпсіз жұмыс алгоритмін орындауға деген ерекше жауапкершілігін, сенімі мен міндеттемесін жүктейді.

            Бұл ретте, елорданың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметі тұтынушымен тікелей байланыста болатын  бизнес субъектілерін бәсеңсімеуге  шақырады. Себебі, жазылып шыққан адам қайтадан вирустың тасымалдаушысы бола алады. Бұл дегеніміз, алдын-алу шараларын сақтау, бетперде кию, қашықтықты сақтау, қолды дезинфекциялау өзі үшін ғана емес, сонымен қатар айналаңыздағы адамдар, туыстар, таныстар, әріптестер үшін де қажет. Дегенмен, барлығы дерлік түсіне білмейді. Өйткені, қаңтар айының өзінде "Ashyq" жобасына қатысушы объектілерде үй карантинін бұзған 3 910 келуші анықталды: 3 837 келуші "қызыл" мәртебеге ие және 73 адам "сары" мәртебеге ие. Пандемиямен күресте сіз жасай алатын маңызды үлес-бұл барлық карантиндік шараларды қатаң сақтау және әлеуметтік жауапкершіліктің максималды деңгейін көрсету.

            Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ең бастысы, коронавирустың таралуын болдырмаудың ең сенімді әдісі вакцинация және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру болып табылады.

            Жалғыз, әрі тиімді әдіс-вакцинация мен ревакцинациядан өткендердің қатарына қосылу және оны басқаларға үлгі ретінде көрсету. Сіздің бүгінгі жасаған сенімді әрекетіңіз-ертеңгі күні салауатты ұлттың кепілі болмақ. Тек осылай ғана біз өз кәсіпорындарымызды сақтай аламыз.

            Басқалардың өмірі мен денсаулығын сақтайық, пандемияның таралуын тоқтатайық!