Маңғыстау облысының мониторингтік топтары жұмысын жалғастыруда

Маңғыстау облысының мониторингтік топтары  жұмысын жалғастыруда

             Маңғыстау облысының аумағында коронавирустық инфекциясының таралуын алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында карантин кезінде қызметін жүзеге асыратын объектілердің санитариялық-эпидемияға қарсы режимді сақтауын бақылау мониторингтік топтармен жүргізілуде.

             Маңғыстау облысы аумағындағы 50 мониторингтік топтың құрамына жергілікті атқарушы органдар, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Маңғыстау облыстық филиалы, құқық қорғау органдары  және БАҚ өкілдері кіреді.

             Ағымдағы жылдың 01 мен 30 қаңтар аралығында мониторингтік топтардың мүшелері 124 рейдпен 262 объектілерді қамтыды.

             2022 жылдың 1 қаңтардан 30-на дейін  COVID-19-бен ауыратын науқастардың және олармен байланыста болған адамдардың үйде оқшаулануын сақтамау бойынша «Ashyq» жобасы негізінде анықталған «сары» және «қызыл» мәртебесі бар оқшаулануға жататын адамдардың саны - 70, оның ішінде «қызыл» мәртебесімен  - 65, «сары» мәртебесімен - 5.

             Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңір тұрғындары мен қала қонақтарына адамдар көп шоғырланатын жерлерге бармауға, бетперде тағып жүруге, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға сонымен қатар жеке қол гигиенасын сақтауға шақырады.