Медицина қызметкері күнімен құттықтау

Медицина қызметкері күнімен құттықтау

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз –

Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Адам үшін оның денсаулығы мен өмірінен жоғары құндылық жоқтығын әрқайсымыз білеміз. Бұл баға жетпес байлық, үлкен жауапкершілік бізге жүктелген. Сіздерге ең қымбат нәрсе - денсаулықты сенеді, ал бұл заманауи білім, жан-тәнімен берілуді және ең жақсы адами қасиеттерді қалыптастыруды талап етеді.

Қазақстандықтардың жаңа ұрпағының дені сау және күшті болуы бізге артылған. Біз адамдардың аурулардан қорғалғанына, қолайлы қоршаған ортада тұратынына, оларға білікті медициналық көмек көрсетілетініне сенімді болуы үшін бәрін жасауымыз қажет, себебі олардың көңіл-күйі біздің қызметтің тиімділігінің критерийі болып табылады.

Өз ісіне адалдық сақтайтын ақ халаттылардың кәсібилігінің  жоғары екендігін мойындау керек. Сол кәсібиліктің арқасында, еліміздің көптеген азаматтарына белсенді өмірге оралуға, ертеңгі күнге сеніммен қарауға, өмірдің қуанышын жаңадан сезінуге мүмкіндік берген.

Медициналық қызметкер күнін дәрігерлер мен медбикелер ғана емес, адам өмірін сақтауға қатысы барлар, медицина ғылымын осы адамдардың көмегінсіз елестету мүмкін болмайтындар: ауруларды емдеу және диагностикалау үшін жаңа жабдықтар ойлап табатын инженерлер мен технологтар, химиктер, биологтар, лаборанттар, санитарлар және басқа да.

Қазір елімізде ауруларды емдеу және алдын алу бойынша кешенді тәсілді қамтамасыз ететін және денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, медициналық көмек қолжетімділігін және сапасын арттыруға бағытталған Денсаулық сақтау жүйесін дамыту бағдарламалары іске асырылып жатыр.

Соның ішінде, біздің қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің жұмысы салауатты өмір салтын,  дұрыс тамақтануды насихаттауға, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы және өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл күні барлық медицина қызметкерлеріне алғыс пен ризашылығымды  білдіруге, сондай-ақ жемісті еңбегі және жоғары кәсіби шеберлігі үшін құрмет көрсетуге рұқсат етіңіздер.

Сіздерге жаңа жетістіктер, идеялар, қажымас энергия мен Сіздердің жауапты еңбектеріңізде тұрақтылық тілеймін.

Дегенмен, кез келген нағыз дәрігер үшін ең басты жүлде – бұл пациенттердің денсаулығы мен олардың ризашылығы.

 

Құрметпен,

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Төрағасы –

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                                                                       Ж. Бекшин