Тұмау коронавирус емес, бірақ одан сақ болу қажет

Тұмау коронавирус емес, бірақ одан сақ болу қажет

              ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері (01.10. - 27.10.2021 ж.) Жамбыл облысында 15 920 жедел респираторлық вирустық инфекция жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында- 8 535 жағдай.

              Тұмау вирустарын және басқа да респираторлық инфекцияларды бақылау мақсатында 39 материал зерттелді. Вакцинацияланбаған ересек тұрғындар арасында, оның ішінде жүкті әйелдер арасында А/H3N2 және В типті тұмаудың айналымы анықталды.

              Респираторлық аурулардың таралуына жол бермеу үшін облыстың медициналық ұйымдары күшейтілген режимде жұмыс істейді, стационарларға науқастарға баруға тыйым салынған, сүзгілердің жұмысы күшейтілді.

              Кез-келген дәрігер тұмауды және оның салдарын емдеуден гөрі аурудың алдын-алу әлдеқайда оңай екенін растайды. Ең алдымен, ағзаның қорғанысын белсендірумен айналысу керек, яғни спецификалық емес иммунитетті нығайту керек. Ағзаның вирустық инфекцияларға төзімділігін арттыру үшін теңдестірілген тамақтанудан бастап, жыл сайынғы вакцинациямен аяқталатын барлық шараларды қабылдау қажет.

              Жамбыл облысында жыл сайын эпидемия алдындағы маусымда облыстық бюджет қаражаты есебінен халықтың неғұрлым осал топтарын (балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің, мектепке дейінгі мекемелердің, мектеп-интернаттардың балалары, қарттар мен мүгедектер үйлерінің контингенттері және жүкті әйелдер) тұмауға қарсы иммундау жүргізіледі.

              Ағымдағы эпидемиологиялық маусымда тұмауға қарсы екпермен 296 000-нан астам адам қамтылды, бұл барлық халықтың 26% - ын құрады.

              Тұмау маусымы кезінде қолды үнемі жуу, бір реттік маскаларды қолдану, жөтел этикетін сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу сияқты тиімді қорғаныс әдістерін ұмытпаңыз, ең бастысы – ауру кезінде үйде қалып, дәрігерге қоңырау шалу керек.