Сүт өнімдері туралы

Сүт өнімдері туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақ тамақтану академиясының ЖШС "Нутритест" аккредиттелген сынақ зертханасының нәтижелері бойынша Рогачевский сүт - консерві комбинатының (Беларусь Республикасы, Гомель облысы, Рогачев қаласы, Киров к-сі,31) «Три желания» қоюландырылған сүт өнімінің Кеден одағының техникалық регламенттер талаптарына сай екендігін хабарлайды.

Аталған өндірушімен өз кешенінде тиісті іс-шаралар мен ведомстволық өндірістік бақылау жұмыстары мәселелеріндегі бақылаудың күшейтілгенді туралы хабарландырылды.

Комитет бұдан әрі аталған өнімнің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестігіне бақылауды өнім қауіпсіздігі мониторингі шеңберінде жүзеге асыратын болады.