Қазақстандықтар қауіпсіз өнімді таңдайды

Қазақстандықтар қауіпсіз өнімді таңдайды

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті ағымдағы жылғы 3 тамызда астаналық «Шапағат» коммуналдық базары және «Анвар» супермаркетінде «Қауіпсіз өнімді таңда» республикалық акцияны бастады.

Осы акция халықтың тұтынушылық сауаттылығын арттыруға, азық-түлiк тауарларының, ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, халықта дұрыс тамақтануға қажеттілікті қалыптастыруға бағытталған.

Бұл күні әр сатып алушыға шұғыл зертханалық зерттеулердің көмегімен көкөністер мен жемістердегі нитраттар құрамын тегін тексеру, тамақ өнімдерінің термиялық өңделуін бақылау, пастерлеу сапасын, балықтың  жаңалығын, балдың, шараптың табиғилығын және т.б. айқындау мұмкіндігі берілді.

Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің мамандары сатып алушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға консультациялар берді, сондай-ақ әр ниет білдірген адаммен дұрыс тамақтану мәселелері бойынша жеке әңгіме өткізді.

Халықтың негізгі бөлігін қандай тауарларға сәйкестік сертификаттары берілетіндігі, олардың болуы нені береді және сатушыдан оны қалай талап ету қажет, қаптамаларда қандай ақпарат болуы қажет, осының барлығын сатып алушы өз бетінше қалай тексере алатындығы  қызықтырды. Дегенмен ең алдымен тауарларды қайтару, сүт өнімдері мен шұжықтардың сапасын анықтау, сондай-ақ сапасы төмен тамақ өнімдерінің сатылымға жіберілмеуі бойынша бақылау органдарының қандай жұмысты жүргізетіндігі туралы сұрақтар қойылды.

Қазір бақылау-қадағалау функцияларын азайту жағдайында камералдық бақылау және өнімдерді іріктеп алу, сондай-ақ оң нәтижелері эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босатуға мүмкіндік беретін  тәуелсіз санитариялық-эпидемиологиялық аудит сияқты бақылаудың жаңа түрлері енгізіліп жатқанын атап өту қажет. Осының барлығы мемлекет, кәсіпкерлік және тұтынушылардың мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып, бизнес өкілдерімен байланыспай өнімдердің қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік береді.

Осылайша, республикасы бойынша 2017 жылдың 6 айында өнімдер қауіпсіздігінің мониторингі шеңберінде тамақ және басқа да өнімдердің  17886 сынамасы зерттелді, оның ішінде 1817 (10 %) сынама техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейді. Егер тамақ өнімдері туралы айтатын болсақ, 14462 сынама алынды, оның ішінде 1112 сынама сәйкес келмеді, оның ішінде: нан - 33,3%, балық, балық өнімдері – 24,6 %, құс еті, құс өнімдері – 21,9%, аспаздық өнімдер – 20,5%, ет, ет өнімдері – 18,4 %, сүт, сүт өнімдері – 7 %, кондитерлік өнімдер – 6,3%, шырын өнімі – 2 %, балалар тамағы өнімдері 1,5%.

Олардың нәтижелері бойынша барлығы 10,5 млн. теңгеге 11 тонна сәйкес келмейтін тамақ өнімдері сатылымнан алынып тасталды, сондай-ақ талаптардың бұзылуын жою туралы 489 нұсқама берілді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 126 іс қозғалды. Санитариялық қағидаларды бұзғаны және берілген нұсқамаларды орындамағаны үшін 40 494 субъектіге 1443,349 млн. теңге сомасында айыппұл салынды. Соның ішінде сертификатталмаған өнімді сатқаны үшін қызметін уақытша тоқтата отырып, 12 млн. теңгеден астам сомаға 47 шаруашылық субъектілеріне айыппұл салынды.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті сатып алушыларға өнімдерді таңдау кезінде сыртқы түріне, сақтау мерзімдеріне және температуралық режиміне көңіл аударуды ұсынады.  Сондай-ақ мамандар өнімдердің тағамдық құрамымен танысудың маңыздылығына назар аудартады, әсіресе ет және шұжық бұйымдарында қандай да бір қауіпті қоспаның болуын тексеру қажет.

Өнімдердің сапасына және таңбалау құрамының сәйкес келмеуіне қатысты күдік туындаса ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне шағымдануды ұсынады.

Акцияның бірінші күнінің нәтижелері қазақстандық тұтынушылардың дұрыс тамақтанудың жақтаушылары екендігін тағы да растады.

Мұндай акциялар 3 тамыздан бастап еліміздің барлық өңірлерінде тұрақты түрде өткізілетіндігін естеріңізге саламыз.