
Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы – Қазақстан Ресапубликасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшиннің Санкт-Петербург қаласының вице-губернаторы Сергей Мовчанмен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы қазақстан-ресей ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Санкт-Петербург Үкіметі арасындағы 2017-2020 жылдарға арналған денсаулық сақтау, медицина және фармация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жол картасына қол қою рәсімі болды.
Жол картасы созылмалы инфекциялық емес ауруларды эпидемиологиялық зерттеу және мониторингтеу саласындағы бірлескен жұмысты, ана мен баланы қорғау саласындағы, денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері бойынша үздіксіз дипломнан кейінгі медициналық білім беру және т.б. салалардағы ынтымақтастықты көздейді.
Жандарбек Бекшин атап өткеніндей, Жол картасына қол қою біздің ұйымдарымыз арасындағы одан арғы ынтымақтастыққа тың серпін береді және ұзақ мерзімді перспективаға әріптестікті нығайтуға қызмет етеді.