
2017 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша республика халқының арасында оба, тырысқақ, паратифтер, дифтерия, сіреспе, полиомиелит, токсоплазмозбен сырқаттану жағдайлары тіркелген жоқ.
Қызылша, қызамық, іш сүзегі, құтыру, трихинеллез, лептоспироз, альвеококкоз, токсокароз, күйдіргі, туляремия, трихоцефалез, тениаринхоз, тениоз, дифиллоботриоз, дирофиляриозбен сырқаттанушылықтың бірлі-жарым жағдайлары тіркелді.
2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 24 нозология бойынша сырқаттанудың төмендеуіне қол жеткізілді, соның ішінде қызылша 61 есеге, гименолепидоз 2,1 есеге, менингококк инфекциясы 2,9 есеге, эхинококкоз 9,1%-ға, сальмонеллез 24,1%-ға, дизентерия 23,5%-ға, энтеробиоз 12,5%-ға, ЖРВИ - 9,8%-ға, тыныс алу органдары туберкулезі 2,3%-ға, көкжөтел 9 жағдайға төмендеді.
Сонымен қатар, 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда А вирустық гепатитімен сырқаттанудың 1,7 есеге, бруцеллезбен сырқаттанудың 2,3%-ға артқаны тіркелді.
А вирустық гепатитімен сырқаттанушылық республиканың барлық өңірлерінде тіркелген. Тіркелген жағдайлар ішінде 51,9%-нда инфекция жұқтыру қарым-қатынас-тұрмыстық жолмен (инфекция жұқтырған тұрмыстық заттар, лас қолдар және т. б.), 12,2%-нда тағам арқылы (ластанған тамақ, көкөніс, жеміс-жидектерді және сапасыз ауыз суды пайдалану кезінде), 3,1%-нда ластанған ашық су қоймаларында шомылу кезінде болған. Осыған орай, қайнатылған немесе бөтелкедегі ауыз суды ішуді, көкөністер мен жемістерді мұқият өңдеуді, қолды жиі жууды және гигиена ережелерін сақтауды ұсынамыз.
Бруцеллезбен сырқаттану кезіндегі негізгі инфекция көздері жекеменшік сектордағы ауыл шаруашылығы жануарлары болып табылдады. Сырқаттанған адамдар ішінде 81 %-ы ауру малды күту кезінде, 12% ауру жануарлардың тамақ өнімдерін пайдалану кезінде (қайнатылмаған сүт, сүт өнімдері, жеткілікті термиялық өнделмеген ет ) жұқтырған. Осы орайда, халыққа тек қайнатылған сүтті, термиялық өңделген етті (жақсы қайнатылған ет, котлеттер және басқа да өнімдерді қуырудан кейін бұқтыру немесе пеште термиялық өңдеу керек) тұтынуды, белгіленбеген сауда орындарында ет және сүт өнімдерін (шұжық, қаймақ, сүзбе және т. б.) сатып алмауды ұсынамыз, базардан тамақ өнімдерін сатып алған кезде жеке адамдардан сатып алынатын өнімнің сапа сертификатын көрсетуді сұрауға ұялмаңыз.