Өзіңізді және жақындарыңызды ЖРВИ мен тұмаудан қалай қорғауға болады

Өзіңізді және жақындарыңызды ЖРВИ мен тұмаудан қалай қорғауға болады

              2021 жылдың 1 қазан 2022 жылдың 30 қаңтары аралығында Ақтөбе облысы бойынша ЖРВИ-нің 5 294 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1 861 жағдай. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда аурушаңдықтың 1,4 есеге төмендегені байқалды (өткен жылы ЖРВИ-нің 7 253 жағдайы, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 3604 жағдайы тіркелді).

              А типті тұмаудың 16 жағдайы тіркелді (H3N2 түрі), оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 7 жағдай, жүкті әйелдер арасында 4 жағдай. Барлық жағдайлар тұмауға қарсы вакцинация алмаған адамдар арасында тіркелді.

             Бүгінгі таңда тұмаудың алдын алудың ең тиімді және ғылыми негізделген әдісі – Вакцинация.

             Тұмауға қарсы иммунитетті уақытылы қалыптастыру мақсатында 2021 жылы облыс бойынша тұмауға қарсы 172 275 адам егілді, бұл облыс халқының жалпы санының 19,5% - ын құрады. Иммунизациядан кейін қолайсыз көріністер байқалмады.

ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу мақсатында Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынады:

- таза ауада, саябақтарда, скверлерде серуендеу (тыныс алуды дұрыс реттеу арқылы жүру өкпе вентиляциясын күшейтеді, қан айналымы жүйесін жақсартады, ағзаны шынықтырады);

- қол гигиенасын сақтау - қолды сабынмен жиі жуу, әсіресе көшеде серуендегеннен кейін;

- науқас адаммен қарым-қатынаста медициналық қорғау маскаларын қолдану;

- пәтер мен жұмыс үй-жайын жүйелі түрде желдетуге;

- эпидемиялық маусым кезеңінде мүмкіндігінше адам көп жиналатын жерлерден аулақ болу;

- салауатты өмір салтын ұстану, дене шынықтыру және ағзаны шынықтыру;

- С витаминіне бай тағамдарды жеу;

- егер ауырып қалсаңыз, өз-өзін емдеумен айналыспаңыз және тұрғылықты жері бойынша емханаға бармай немесе дәрігерді үйге шақыра отырып, ешбір жағдайда да айналаңызға қауіп төндіріп жүре беруге болмайды!

             Бүгінгі күні тұмаудың алдын алудың ең тиімді және ғылыми негізделген әдісі – вакцинация болып табылады! Ауырмаңыз және сау болыңыз!