
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 557 бұйрығыменхалықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілді.
Регламенттер мемлекеттік көрсетілетін қызметтің жеке түрлерін көрсету мерзімдерін қысқарту, процестерді оңтайландыру мақсатында әзірленген.
Регламенттердің жаңа редакциясына сәйкес тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір 7 жұмыс күні ішінде беріледі (бұрын 15 күн болған), ал тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды 10 жұмыс күні ішінде беріледі (бұрын 15 күн болған).
Патогендіктің І-ІV тобындағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат берубойынша көрсетілетін қызметке қатысты қызмет «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетіледі, бұл өз кезегінде көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушымен байланысын болдырмайды.
Сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдардың мемлекеттік сараптама шеңберінде көзделген объектілерді салу, реконструкциялау жобалары, қала салу жобалары бойынша қорытынды беруі алынып тасталды.
Бұйрық көпшіліктің талқылауына шығарылды және жеке кәсіпкерлік субъектілері қауымдастықтарының, «Атамекен» ҰКП, ҚР ДСМ қоғамдық кеңесінің қолдауын алды.
Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді.