Қазақстан Республикасындағы 2017 жылғы 8 айдағы эпидемиологиялық жағдай

Қазақстан Республикасындағы 2017 жылғы 8 айдағы эпидемиологиялық жағдай

2017 жылғы 8 айдың қорытындылары бойынша республика халқының арасында оба, тырысқақ, паратифтер, дифтерия, сіреспе, қызамық, полиомиелитпен сырқаттану жағдайлары тіркелген жоқ.

Қызылша, іш сүзегі, құтыру, трихинеллез, лептоспироз, альвеококкоз, амебиоз, токсокароз, күйдіргі, туляремия, трихоцефалез, токсоплазмоз, тениаринхоз, тениоз, дифиллоботриоз, дирофиляриозбен сырқаттанушылықтың бірлі-жарым жағдайлары тіркелді.

2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 31 нозология бойынша сырқаттанудың төмендеуіне, оның ішінде қызылшаның 61,49 есеге, менингококк инфекциясының 2,4 есеге, гименолепидоздың 45,08 %-ға, вирусты кене энцефалитінің 30,99%-ға, дизентерияның 21,54%-ға, сальмонеллездің 17,22%-ға, энтеробиоздың 9,92%-ға төмендеуіне қол жеткізілді.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбамен сырқаттанудың 17 жағдайы тіркелді, оның ішінде 9 жағдай Оңтүстік Қазақстан облысында, 6 жағдай  Жамбыл облысында және 2 жағдай Қызылорда облысында тіркелді.

Жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау ауруларының кезеңі басталуда.Қазақстанда жыл сайын жіті респираторлық аурулар мен тұмаудың 600-ден 1,0 миллионға дейінгі жағдайы тіркеледі, яғни ЖРВИ және тұмаумен эпидмаусымда халықтың 3,5-тен 10%-ға жуығы ауырады. Тұмаумен және ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың көтерілуі алдыңғы эпидемиялық өршулерді талдау бойынша желтоқсанның ортасына, сырқаттанушылықтың шарықтау шегі қаңтардың соңына және ақпан айының басына келеді.

Тұмауға қарсы ең тиімді тәсіл вакцинация болып табылады, өйткені вакцина осы эпидемиологиялық маусымда ең өзекті мәселе болып табылатын және оның құрамына  кіретін тұмау вирусының түрлерінен қорғауды қамтамасыз етеді.

Иммундау кампаниясы 2017 жылғы 1 қазаннан бастап басталады.