
2003 жылы Қазақстан Кодекс Алиментариус Комиссиясының мүшесі болды.
Аталған ұйымның мақсаты тұтынушылардың денсаулығын қорғау және азық-түліктердің әділ саудасын қамтамасыз ету болып табылады.
Кодекс Алиментариус тамақ өнімдерінің халықаралық стандарттарын, әлемдік нарықта олардың қауіпсіздігі мен сапасын реттейтін нұсқаулар мен нұсқаулықтарды әзірлейді, сондай-ақ әділ сауда жағдайларының сақталуын қамтамасыз етеді. Тұтынушылар өздері сатып алатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігіне сенімді бола алады, ал импорттаушылар өздері тапсырыс берген тамақ өнімдерінің өз ерекшеліктеріне сәйкес келетініне сенімді бола алады.
Швейцария үкіметі ұйымдастырған 1965 жылғы 1-2 шілдеде Берн қаласында (Швейцария) өткен Еуропа үшін ФАО/ДДҰ өңірлік үйлестіру комитетінің (CCEURO) бірінші отырысы өтті. Одан кейінгі CCEURO-ның үйлестірушілері: Австрия, Польша, Словакия, Швеция, Швейцария және Нидерланды болды.
2017 жылғы 17-21 шілдеде Женевада (Швейцария) өткен Кодекс Алиментариус Комиссиясының 40-ыншы сессиясында Қазақстан Нидерландыдан кейін CCEURO-ның жаңа өңірлік үйлестірушісі болып бірауыздан тағайындалды. CCEURO 52 мүшеден тұрады: 51 мүше ел және бір мүше ұйым (Еуропалық Одақ).
Осылайша, Қазақстан CCEURO-ның елу екі жылдық тарихында CCEURO Өңірлік үйлестірушісінің өте маңызды міндетімен айналысатын CCEURO-ның Орталық Азиядағы бірінші елі болады.
Ағымдағы жылғы 26-28 қыркүйек аралығында ФAO (Рим, Италия) штаб-пәтерінде Кодекс Алиментариус Комиссиясының Атқарушы комитетінің 74-інші отырысы өтті, онда Қазақстан Еуропалық өңірдің үйлестірушісі ретінде қатысты. Сессияда Кодекс Алиментариус Комиссиясының жұмысын дамытудың стратегиялық мәселелері, ұйымдастыру мәселелері, қызмет саласындағы жаңа ғылыми ақпараттарды ескере отырып, материалдар қаралды.
Биотехнология, пестицидтер, тағамдық қоспалар, ластаушы заттар, өсу гормондары және антибиотиктер – Кодекстің отырыстарында талқыланатын кейбір тақырыптардың бірі ғана. Кодекс стандарттары тәуелсіз халықаралық ұйымдардың тәуекелдерді бағалау және ФАО мен ДСҰ-да құрылған мамандандырылған консультативтік орталықтардың көмегімен соңғы ғылыми зерттеулер негізінде әзірленеді.
1995 жылдан бастап ДСҰ Кодекстің стандарттары мен тиісті мәтіндерін тамақ өнімдері қауіпсіздігінің ұлттық қағидалары және тамақ өнімдерінің халықаралық саудасының негізі ретінде таниды.
Әлем халқының 99%-дан астамын құрайтын 188 мүшесі бар Кодекс Алиментариус Комиссиясы шын мәнінде жаһандық ұйым болып табылады.
Отандық өнімді әлемдік нарыққа шығару үшін қазақстандық бизнес-қоғамдастық бизнесті барынша қолайлы жүргізу үшін Кодекс Алиментариус тамақ стандарттарымен байланысты белсенді айналысуы қажет.
Қазақстан Республикасында тамақ өнімдерін стандарттау және нормалау саласындағы іс-қимылды үйлестіретін Кодекс Алиментариус Ұлттық Кеңесі құрылды.
Кодекс Алиментариус Ұлттық Комиссиясының WEB-сайты ашылды: http://codexalimentarius.kz.
Кодекс-байланыс пункті: kazcodex@gmail.com тәуліктік электрондық режимде жұмыс істейді, өз сауалдарыңызды және ұсыныстарыңызды сонда жібере аласыз.