
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық және оны өткізу санитарлық-эпидемиологиялық қызмет үшін маңызды сынақ болды.
ЭКСПО-ға үлкен дайындық жұмыстары, мамандарды Астанаға ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның бірнеше аймақтарына жұмылдыру денсаулық сақтау қызметінің сәттілігінің кепілі болды.
Көрменің ашылған кезінен бастап және оның соңына дейін, ЭКСПО мамандары елорда тұрғындары мен қонақтарының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету үшін көрме аумағындағы радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайлардың жай-күйін, қоғамдық тамақтану объектілерінің жай-күйін бақылап отырды.