
Ағымдағы жылдың 8–9 қарашасында Женевада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті төрағасының орынбасары Б.Шәріп бастаған делегация ДСҰ саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰ Комитетінің кезекті отырысына қатысты.
Кездесу барысында ДСҰ-ға мүше елдер саудадағы техникалық кедергілерге қатысты 50-ден астам проблемалық мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, экспорттаушы елдер ақпаратты жіберу құралдарына қосымша міндетті талаптарды қою арқылы киберқауіпсіздік қаупінен елдерді қорғау тенденциясының өсуіне байланысты тауарлық кодты ашып көрсету қажеттілігіне алаңдаушылық білдірді. Сондай-ақ, ДСҰ-ға мүше елдер ойыншықтар, өңделген тамақ өнімдері, цемент, химиялық материалдар сияқты өнімдерге сәйкестікті растау режимдерінің теріс тенденциясын атап өтті.
Қазақстандық делегация ЕО, АҚШ және Украинаның 2016 жылғы маусымда ДСҰ-ға хабарлама жіберген «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО техникалық регламенттеріне түзетулер жобасына қатысты сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, ойыншықтардың жекелеген түрлерінің балалардың психологиялық денсаулығына ықтимал теріс әсерін болдырмау үшін қауіпсіздік себептері ұсынылды. Сонымен қатар, ДСҰ-ға мүше елдерге қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары ИСО 8124 стандартын ойыншықтардың жас шегі бойынша енгізу мүмкіндігін талқылап жатқандығы туралы хабарлады.