Дүниежүзілік антибиотиктерді қолдану апталығы

Дүниежүзілік антибиотиктерді қолдану апталығы
Бүгін Астанада антибиотиктерді дұрыс қолданудың дүниежүзілік апталығы аясында микробқа қарсы тұрақтылықпен күрес жөніндегі ұлттық жоспарды талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге ДДҰ елдік кеңсесінің, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО), Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, оның ішінде осы бағытта белсенді жұмыс істейтін ғылыми ұйымдар мен кәсіби қауымдастықтардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар түрлі салаларда микробқа қарсы агенттерді қолдану, сондай-ақ микробқа қарсы тұрақтылықтың жай-күйі және онымен байланысты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, біз микробқа қарсы тұрақтылыққа қатысты мәселелерді шешуге интеграцияланған және ведомствоаралық тәсілге негізделген бірлескен іс-қимыл мәселелерін қарастырдық.