
Бүгін астаналық ұн тартатын кәсіпорын бірінің базасында және супермаркеттерінде ұнды фортификациялауға арналған акция өтті. Бұл акция ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің қолдауымен өткізілді, ұн және нан- тоқаш бұйымдарын таңдау кезінде тұрғындардың азық-түлікке сауаттылығын арттыруға бағытталған болатын.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты, тұтынушылар ұн және нан - тоқаш бұйымдарын таңдау кезінде тек қана сұрып және сапасын басшылыққа алмай, сонымен қатар адам денсаулығы үшін қажетті дәрімендермен және минералды кешендермен байытылуына назар аударған жөн. Көптеген тұтынушылар ұн сатып алу кезінде оның пайдалы ерекшеліктері жайында ойланбайды.
Қазақстан Республикасы аумағына сату үшін өндірілген наубайхан бидай ұны жоғары және бірінші сұрыптары, құрамында темір витаминдері, минералдар, аминоқышқылдары, майлы қышқылдары және басқа да заттармен міндетті түрде байытылуы (фортификация) тиіс.
Бүгінгі күні республикада ұн тартатын 322 кәсіпорын бар, оның ішінде 252 объект (тәртіппен 70-75%) ірі кәсіпорындар болып табылады.
Ұн тарту кәсіпорындарының аса көп жұмыс атқаратындары Қостанай, Оңтүстік-Қазақстан, Ақмола, Солтүстік- Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Алматы және Павлодар облыстарында. Атырау және Қызылорда облыстарында ұн тарту кәсіпорындары жоқ екендігін айта кету қажет.
Осылайша, 2017 жылдың 10 айында техникалық регламент талаптарына және құрамында темір витаминдері, минералдар және де басқа заттардың сәйкестігіне ҚР өндірілген бірінші және жоғары сұрыпты 170 ұн үлгісі сатып алынып және зерттелді. Сәйкес емес өнім анықталған жоқ.
Бүгінгі күнде 252 ұн тарту кәсіпорнының 90 жуығы ұнды фортификациялаумен айналысады.
Қазақ тамақ академиясымен өткізілген ұнды зерттеу кезінде алынған деректерге сәйкес сапалы байытумен Батыс-Қазақстан (сынаманың 85% ұн құрамында темір және дәрумендер стандарттарға сай), Ақмола және Қостанай облыстарында (72%), соның ішінде Алматы және Астана (57%) кәсіпорындарында өндіріледі.
Заңнама талаптарын бұзушылығы үшін Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылғаны туралы ескеру қажет.
Осы күні Комитеттің және астық өндіруші кәсіпорынның мамандары фортификацияланған және әдеттегі ұнның арасындағы өзгешеліктері туралы айтумен бірге, ұнды өңдіру және байыту процессімен таныстырды. Сонымен бірге, Астана қаласы «Ұлттық сараптама орталығы» филиалы базасында замануи зертханалық жабдықтармен ұн және нан өнімдерінде дәрумен-минералды кешен құрамынын болуын анықтау әдістерін көрсетті.
«Ұсақтап тарту кезінде дәрумендер мен минералдарды ұнға қосу процессі фортификациялау деп аталады, бұл өнімнің сапасын жоғарылатады және нәрлі құндылығын арттырады. Ұсақтау процессінде ұнтақ тәрізді «нәрлі премикс элементтерін» шағын көлемде қосу жолымен ұнға дәрумендер мен минералдар қосу жүзеге асырылады»,- түсіндірді мамандар.
Дәрумендер мен микроэлементтермен ұнды фортификациялау, оның жетіспеушілінің дамуын ескертеді, физикалық және еңбекке қабілеттілік ақыл-ойдың қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, тұрғындардың аурушандығы мен өлім- жітімін төмендетеді.