Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы бұйрығына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары медициналық білімі бар мамандарға жоғары біліктілік санатын беру бойынша мамандандырылған комиссияның отырысы 2017 жылғы 22 желтоқсанда өтетіндігін хабарлайды.
Әңгімелесу мына мекен-жайда өтеді: Астана қаласы, Сол жағалау, Министрліктер үйі, 10 кіреберіс, 425 кабинет. Басталуы сағат 10-00.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 307 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында қарастырылған.
Стандарттың 2 бөлімінің 4 тармағы 1 тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезінде – 22 (жиырма екі) жұмыс күнінде іске асырылады.
Осыған орай, жоғары біліктілік санатына куәлік алу үшін құжаттар 2017 жылғы 30 қарашадан 20 желтоқсанға дейін қабылдайды.