
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінде Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылауға арналған конференция өткізілді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және Комитеттің кадрлық саясаты талқыланды.
Отырыста Жолдауда айтылған он міндет - тиімді мемлекеттік басқару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заңның үстемдігі, мемлекеттік органдардағы процестерді цифрландыру, дамыған отыз елдің қатарына кіруді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелер мен азаматтардың мүдделерін одан әрі біріктіру мәселелері қаралды.
Елбасының денсаулық сақтауды дамыту саласындағы міндеттері толығырақ айтылды. Осылайша, жаңа технологияларды қолдану аурудың алдын алу мен емдеуді едәуір жақсартуға, медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуі және медициналық технологиялардың дамуымен медициналық қызметтерді тұтыну көлемі артады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және бос лауазымдарға орналасу бойынша қабылданған шаралар туралы бірқатар аумақтық департаменттердің басшылары тыңдалды.
Отырыстың қорытындылары бойынша: Жолдауда көрсетілген міндеттерді ескере отырып, Комитеттің жұмыс жоспарына түзетулер енгізу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша күш-жігерді күшейту және бос лауазымдарға орналасу бойынша шаралар қабылдау.