Бетперде тақпау қалтаға ауырлық түсіруде

Бетперде тақпау қалтаға ауырлық түсіруде

              Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары тарапынан халық арасында  карантин режимін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

               Облысқа қарасты  17 аудандық басқарма мамандары жыл басынан бері   1000-ға жуық  нысандарда  бетперделік режим, қоғамдық орындарда  әлеуметтік ара-қашықтықтың сақталуы сынды санитариялық ағарту жұмыстарын жүргізді.  Белгілі болғандай, көпшілік карантин талаптарын  орындауға   салғырт қарайды.                                                                

               Мобильді топтар  2022 жылдың қаңтар айынан  4 955 нысанды аралап, карантин талабын бұзу фактілері бойынша  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына 28 баянат түсірген. Оның 21-не әкімшілік хаттама толтырылып,  21 тұлғаға соммасы 1 млн 249 975 теңге көлемінде  айыппұл салынды. Қалған баянаттар қаралуда.                                                             

               Мамандардың мәліметіне сәйкес, бұзушылықтар  арасында қоғамдық орындарда бетперде тақпау мәселесі көш бастап тұр. Сарыағаш ауданының мобильді топтары  9,  Төле би ауданынан 8 бұзушылықты анықтаса, қалған аудандардан 1-3 аралығында карантин режимін сақтамау бойынша баянаттар түсірген. Қазіргі уақытта Түркістан облысында атқарушы органдар тарапынан 120 мобильді топ карантин талаптарын сақтауды бақылаумен айналысады.                                                                                                

               Қалыптасқан эпидемиологиялық тұрақсыздыққа байланысты,   Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау  департаменті өңір тұрғындарды эпидемиологиялық салауаттылықты ұстануды-  үнемі бетперде тағу, қолды антисептикпен залалсыздандыруды, 1,5-2 метр әлеуметтік ара-қашықтықты  сақтауды сұрайды.                                           

                Дегенмен індетті  төмендетудің бірден-бір тиімді жолы- коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыру мен ревакцинациялану   .