
2021 жылы өнім қауіпсіздігінің ай сайынғы мониторингі шеңберінде әр түрлі тауарлардың 43 937 үлгісі қамтылып, 6 660-ы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді (15,1%). Оның ішінде, отандық өнім үлесі – 867 (13%), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өнімі– 2404 (36%) басқа елдер өнімі – 3 389 (51%).
Тамақ өнімдерінің 30 051 үлгісі зерттеліп, оның 3 339-ы техникалық регламенттердің талаптарына жауап бермеді (11,1%), микробиологиялық көрсеткіштер бойынша- 10,8%, физикалық – химиялық көрсеткіштер бойынша -7,5%, сондай – ақ таңбалау қағидаларына сәйкессіздік 79% құрады.
Тамақ өнімдерінің тауарлық топтарының атаулары бойынша жануарлар мен өсімдіктерден алынатын мынадай тамақ өнімдерінде сәйкессіздік анықталды: ет өнімдері – 14,4%, сүт өнімдері – 10,8%, май өнімдері – 4,5%, кондитерлік өнімдер – 10,5%, құс еті – 13,6%, балық өнімдері – 11%, ұн тарту, макарон, жарма өнімдері – 5%, алкогольсіз сусындар – 4,1%, алкоголь өнімдері – 1,3%, шырын өнімдері – 2%, ауыз су, ыдыстарға құйылған ыдыстар – 0,3%, табиғи минералды, емдік-асханалық, емдік минералды су – 0,3% және басқа да тамақ өнімдері – 22,2%.
Сонымен қатар, азық-түлік емес тауарлардың 13 886 үлгісі зерттеліп, 3 321-і сәйкессіздік анықталды, бұл 24%-ті құрады.
Өнімнің тауарлық топтарының атаулары бойынша мынадай азық – түлік емес тауарларда техникалық регламент талапарына сай келмеу жағдайлары тіркелді: балаларға арналған тауарлар – 44,6%, оның ішінде ойыншықтар – 38%; тұрмыстық химия-3,7%, парфюмерлік – косметикалық құралдар – 8%, адам терісімен жанасатын бұйымдарға арналған материалдар, киім, аяқ киім – 31%, тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдар – 5,4% және өзге де азық-түлік емес тауарлар-7,3%.
Анықталған бұзушылықтардың барлық фактілері бойынша (тамақ тауарлары бойынша сәйкессіздіктерді қоса алғанда) кәсіпкерлік субъектілеріне оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 10 682 нұсқама берілді.
Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша сәйкес келмейтін өнімді анықтау фактілері бойынша 28 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, соттың 5 қаулысы шығарылды, 10 749 145 теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
20,001 млн. теңге көлеміндегі 22 тонна сәйкес келмейтін өнім сауда кәсіпорындарында сатудан алынды, оның ішінде:
- азық-түлік емес тауарлар - 18,107 тонна;
- тамақ өнімдері - 4462,77 кг.