
Қарағанды облысына ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин келіп қайтты. Ол А гепатитін жұқтырған оқушылар оқитын теміртаулық және қарағандылық мектептерді аралап шықты. Санитарлық қызмет басшысын дертті шектеу үшін барлық қажетті шаралар қолданылды ма, жоқ па, соны тексерді.
Қарағандыда Жандарбек Бекшин Қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығында болып, вакциналардың барын тексертіп шықты.
Қарағанды облысының Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің мәліметіншеқазіргі таңда «А гепатиті» диагнозы бар 51 адам стационарлық ем алып жатыр. Барлық емделушілердің 70%-ы (34 адам) – ол 6-дан 10-шы сыныпқа дейінгі оқушылар, қалғандары – ересектер.
- Негізі жағдай болжалды – әрбір 5-7 жылда А гепатиті дертінің циклдік өсуі байқалады. Қарағанды облысы бойынша көпжылғы бақылау деңгейі асып отырған жоқ, - деп мәлімдеді Жандарбек Бекшин баспасөз-мәслихаты барысында. – Үш топтық жағдай тіркелді – Қарағанды, Теміртау және Шахтинск қалаларының мектептерінде.
Қалған оқиғалар бір рет кездесетіндер.
Қарағанды қаласының №58 ЖББМ-де 17 оқушыда вирустік гепатит анықталды. Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, жұқтыру көзі үйде жасалған сусын болып отыр, онымен сетінші сынып оқушысы мектептегі достарымен би кешінде бөліскен. Одан әрі байланыс факторы қосылған.
- Алғашқы жайттар анықталған соң, бірден жедел алдын-алу шаралары жасалған. Біріншіден, барлық байланыста болғандар бақылауға алынған. Бұл әрекет дерттің ерте кезеңінде диагностикалануына септігін тигізген. Қазіргі таңда ем алып жатқан науқастардың жартысында дерттің жеңіл формасы байқалады, - деп атап өтті Жандарбек Бекшин. – Диаграммаға қараңыздаршы: 18-ші қаңтарда аурудың күрт көтерілуі болды, алдын алу шараларын өткізген соң бұл жағдай төмендей бастады.
Дерт жұқтырған оқушылар бар мектептерде дезинфекция өткізілді. Қазір онда шектеу шаралар режимі ұсталуда.
- Енді жағдайды толығымен шектеу үшін вакцинация басталды. Қазіргі таңда облысқа ресейде жасалған 2000 доза вакцина келіп түсті. Апта соңына дейін кесте бойынша тағы 5000 дәрмек келіп түседі. Ал жалпы есептегенде денсаулық сақтау басқармасы 60 мың доза сатып алады. Қажет болған жағдайда, оның санын ұлғайтамыз, - деп мәлімдеді республикамыздың бас санитарлық дәрігері.
Науқастармен байланыста болған 14 жасқа дейінгі барлық оқушыларға екпе жасалады деп жоспарланып отыр. Ал жоғарғы сынып оқушыларына - эпидемиологиялық көрсеткіштеріне қарай жасалатын болады.
Қарағандыда судың, көкөністер мен жемістердің вирусологиялық зерттеулері жасалды. Қалалық базарда өнімдер тексеріліп, жұмыскерлермен жеке гигиенаны сақтау ережелерін ұстану керектігі туралы жүргізіледі.
Дерек көзі: Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы karaganda-region.gov.kz.