
Сатылатын өнімдердің (тауарлар) қауіпсіздігі бойыншабелгіленген техникалық регламенттерталаптарының сақталуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру қоғамдық денсаулық сақтау органдарының қызметінде маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Өнімнің қауіпсіздік мониторингі, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың өзге де нысаны сияқты 2015 жылдан бастап санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізу үшін сатып алу жолымен жүзеге асырылып келеді.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде өнімдердің техникалық регламенттер талаптарындағы сәйкессіздіктерсаныедәуір төмендеді. Мәселен, 2015 жылы тексерілген өнімнің 38,4 % -да сәйкессіздік анықталса, 2016 жылы 24,1 % - да, 2017 жылы 17,2% - да белгіленген.
Облыс нарығында сәйкес келмейтін өнімдердің айналымын анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты біз тұрақты түрде жүзеге асырамыз - халыққа сатылатын өнімдерге қауіпсіздік мониторингі ай сайын жүргізіледі, сондай-ақ тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары жоспарлы түрде тексеріліп тұрады.
2017 жылы 3,5 млн. теңгеге өнім сатып алынды.
Сараптаманың нәтижелері бойынша 2017 жылы сатып алынған сынаманың 17,2 %-ы қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келмеген, соның ішінде:
- тамақ өнімдері –11,8%;
- балалар ойыншықтары – 8,7%;
- балаларға арналған тауарлар – 5,2 %;
- балалар мен жасөспірімдерге арналған киімдер - 5,8%;
- парфюмерлік - косметикалық заттар, ауыз қуысы гигиенасының құралдары – 6%;
- синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарлары – 1%;
- майлау материалдары, майлар және арнайы сұйықтықтар – 0,7%;
- полимерлік, синтетикалық және өзге де материалдар – 0,2%.
Көбінесе бұзушылықтарға таңбалау сәйкессіздігі себеп болған – 91,4%, 7,7% - қауіпсіздіктің микробиологиялық көрсеткіштері бойынша, 4,8% - физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша.
5 тоннадан астам өнім сатылымнан алынды, оның ішінде 324 кг тамақ өнімдері және 3 тонна химиялық және мұнай-химия өнімдері.
Анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарындағы бұзушылықтарды жою туралы 162 ұйғарым берілді.
Тексеру нәтижелері бойынша 23 млн. теңге сомасына айыппұл салынды.