
Тұмау, ЖРВИ
Әлемде тұмаудың таралу белсенділігі байқалады, шығысеуропа елдерде өсумен сипатталады. Тұмаудың екі түрлі А және В вирусы, көбіне В түрі анықталуда.
АҚШ-та тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттанудың өсуі жалғасуда, медициналық көмекке жүгіну жиілігі 6,3 % құрады, бұл шектік деңгейден жоғары (2.2%). 32 штатта, Нью-Йорк және Пуэрто-Рикода сырқаттанудың жоғары деңгейі, 9 штатта орташа деңгейі, 6 штатта және Колумбия ауданында төменгі және 3 штатта минималды деңгейі тіркелді.
СDС (АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы) ақпаратына сәйкес эпидемиялық маусымнан бастап балалар арасынан тұмаудан 37 өлім жағдайы тіркелген.
Жапонияда соңғы жылдардағы тұмаудың ең үлкен өршуі байқалады, барлығы 3 млн жуық адам науқастанған, тек соңғы апта бойы сырқаттанғандардың саны 1 млн адамға дейін өсті.
Еуропада: өңірдің 5 елінде сырқаттану деңгейі жоғары, 16 елде – орташа және 21 елде – төмен.
Ресейде Липецкте тұмау және ЖРВИ жаппау таралуын алдын алу мақсатында 18 жалпы білім беретін мекемеде сабақтар тоқтатылды.
А вирусты гепатит
А вирусты гепатитінің өршуі Еуропа, АҚШ, Ресейде байқалады.
Еуропаның 13 елінде, соның ішінен Ұлыбритания, Нидерленд, Германия, Испания және Италияда сырқаттанғандардың 4 мыңнан астам жағдайлары тіркелген.
АҚШ-та, Калифорнияда 2016 жылғы қарашадан бастап Сан Диего, Санта-Круз және Лос-Анджелес қалаларында А гепатитінің 580 жағдайы тіркелген, 17-і өліммен аяқталған. Мичиганда 2017 жылғы тамыз айының соңынан сырқаттанғандардың 376 жағдайы тіркелді. Колорадо басшылары сырқаттанудың жаңа 120 жағдайы туралы хабарлайды, оның төртеуі өлім-жітіммен аяқталған.
Ресейде өткен жылы А вирустық гепатитімен 7 мыңнан астам тұрғын ауырған, сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққандаға көрсеткіші 5,06 құрайды.
Қырғызстанда 2017 жылы ВГА 5569 жағдай тіркелді, сырқаттану көрсеткіші 90,1.
Тырысқақ
ДДСҰ ақпараты бойынша әлемде жыл сайын тырысқақтың 1,3 –тен 4,0 миллионға дейін сырқаттану жағдайы және 21 000 – 143 000 өлім-жітім жағдайы болады.
Сырқаттануы әлемнің 21 елінде тіркелген, Африкада барлығы 19173 жағдай анықталып, оның 1283 өлім-жітіммен аяқталды.
Үндіде өткен жылы тырысқақтың 78 жағдайы тіркелді, оның 3 – өлім-жітіммен аяқталған.
Йеменде 2017 жылғы 27 сәуірден 2018 жылғы 21 қаңтарға дейін тырысқақтың 1 046 674 күмәнді жағдайы және 2248 өлім-жітім жағдайлары анықталды, оның ішінен 5 жасқа дейін балалар арасынан 28,7 процент. Соңғы оң нәтижемен өсім 2018 жылғы 13 қаңтарда Аманате Аль-Асимахтағы Аль-Вахда аумақта анықталған.
Конгода шілде айынан тырысқақтың 40 000 астам жағдай тіркелген. Өткен үш айдың ішінде тырысқақтан 770 адам қаза болды.
Қызылша
Украинаны қызылша эпидемиясы қамтыды. Қаңтардың алғашқы он күнінде Киевте сырқаттанудың 61 жағдайы анықталған, өткен жылы барлығы инфекция жұқтырған 80 адам анықталған. Украинаның астанасында қызылшаға қарсы егілмеген балаларға бала бақшалар және мектертерге баруға тыйым салынады. Эпидемияның басты себебі ретінде мамандар вакцинацияның төменгі деңгейі деп санайды. Басқа қалаларда да жағдайы ауыр – қызылшамен сырқаттануы 18 аумақта тіркелген.
Көкжөтел
Баварияның Денсаулық сақтау және өнімдердің қауіпсіздігі министрлігінің 2018 жылғы 13 қаңтардағы мәліметі бойынша 2017 жылы Германияның солтүстік-батыс жерінде көкжөтелмен сырқаттанғандардың саны өсумен бірге оңтүтістік аумағында, соның ішінде Баварияда осы инфекцияның күзгі-қысқы көтерілуі байқалады. Мамандар осындай өсуді Бавария тұрғындарының осы ауруға қарсы егуге қарсы болуымен байланыстырады. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Министрлік Бавария халықтың, көкжөтел қауіпті, негізінен бала тууы күтілетін отбасыларда вакцинациядан бас тартпауын ұсынады.
Инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу үшін, сондай-ақ демалысыңыз бұзылмас үшін саяхат барысында мынаны ұсынамыз:
ҚДСК бұл ақпаратты сапарға шығуын жоспарлаған кезде, негізінен халықтың егілмеген бөлігі үшін қолдануды ұсынамыз.