ҚР Денсаулық сақтау Министірлігінің ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті 2017 жылдың өнімдерін қауіпсіздігін мониторлау бойынша қорытындылады

ҚР Денсаулық сақтау Министірлігінің ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті 2017 жылдың өнімдерін қауіпсіздігін мониторлау бойынша қорытындылады

Бүгін ШҚО аймақтық коммуникациялары қызметінің алаңында ҚР Денсаулық сақтау Министірлігінің ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен (бұдан әрі-Департамент) 2017 жылдың өнімдерін  қауіпсіздігін мониторлау бойынша қорытындылау брифингін өткізді.

2017 жылдың мониторлау қорытындысы бойынша департаменттің басшысы  баяндады: 1944 сынама алынып зерттелді оның 80 сынамасы Еуразиялық экономикалық одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейді (4%) оның ішінде таңбалау бойынша 69% (55 сынама), микробиологиялық көрсеткеш- 16% (13 сынама), санитариялық-химиялық көрсеткіш -11% (9 сынама), тұтынушыны  алдау немесе жаңылдыру көрсеткіштері -3 сынама (өзге жануарлардың тінің ДНК-сы анықталуы немесе сояның болуы) (4%).

Ет өнімінің  Өскемен қ. ЖК Дюсембинова   өндіріп шығарған «Сиыр етінің фаршы» таңбалауында  көрсетілмеген жылқы етінің ДНҚ анықталған, сондайақ  Павлодар қ. «Рубиком» ЖШС «Гуссарская» шұжық өнімінде таңбалауында  көрсетілмеген сиыр етітінің ДНҚ анықталғын

Өндірушімен «Семей ет комбинаты» ЖШС таңбалауда көрсетілмеген «Кой еті мұсылманша жоғарғы сұрып» ет косервілерінде соя ДНҚ анықталған.

Жылдың қорытындысы бойынша келесі өндірушілердің сәйкесіздіктері анықталған «Айка» гастрономы жанындағы аспаздық ЖК Т.Байжуманова (аспаздық тағамдар) Өскемен қ., «ТПО АС» ЖШС Өскемен қ., «Семей  ет консерві зауыты» ЖШС Семей қ. (ет консервілері) ЖК Дюсембинова «Тамаша» фирмасы (қатырылған ет өнімі), ЖК Б. Нурасыл «Икеп» шаруа қожалығының ұн тарту цехы, Зайсан ауданы.

2017 жылы анықталған сәйкес емес өнімдер облыстың сауда желілерінде сатылған: «Аленка» дүкені (ойыншықтар) Өскемен қаласы, Асу-Бұлақ кентіндегі азық-түлік дүкені, Семей қаласындағы "Иванушка" дүкені, Семей, Торговый дом "Сити-центр" сауда орталығы, Семей қаласы, "ТПК "Шығыс-Таңы" ЖШС, Өскемен қаласы, "Детский мир" дүкені, Глубокое кенті, "Береке" азық-түлік дүкені, Ұржар ауылы және т.б.

Анықталған бұзушылықтарды жою үшін 2017 жылы Департамент жоспардан тыс 40 тексеру жүргізді, барлығы 26 ұйғарым берілді, 113.450 теңгеге 5 айыппұл салынды.

    2017 жылы ШҚО сауда желілерінен  барлығы 368.490 теңгенің 311,68 кг. тағамдық өнімдері алынып тасталды, атап айтқанда, ет өнімдері (соя ДНК-сы анықталды) – 173 кг, балық консервілері (таңбалануы сәйкес емес ) – 8,28кг, сүт өнімдері (ірімшік) – 0,4кг, шырын өнімдері (нитраттардың деңгейінің артуы) – 80л., фортификацияланған (байытылған) жоғары сұрыптық бидай ұны (темірдің мөлшерінің асуы) – 50кг.