Жамбыл облысының ішкі нарығының айналымындағы барлық сәйкес емес өнімдердің ішінде ең жоғары пайыз импорт өнімдеріне тиесілі

Жамбыл облысының ішкі нарығының айналымындағы барлық сәйкес емес өнімдердің ішінде ең жоғары пайыз импорт өнімдеріне тиесілі

2018 жылдың 14 ақпанында БАҚ-дың қатысуымен  Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің тағам өнімдері, балалар тауарларының ассортименті және халық тұтынатын өзге де тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысының 2017 жылғы қорытындысы туралы брифинг өтті. Брифингте ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Жарқынбеков Б.Қ. сөз сөйледі.

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің жұмысы – аурулардың алдын алу мен денсаулықты нығайтуға қол жетімді және тиімді механизмдерді енгізу сияқты басты мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған. Бұл мақсаттар, өмірдің барлық деңгейін қамтыйды: сәбилерді вакцинациялау мен мектеп медицинасынан, салауатты тәртіп, экологиялық қауіпсіздік, жастар мен ересектер арасындағы еңбек гигиенасы мәселелерінен, егде жастағы адамдардың созылмалы дегенеративті ауруларының алдын алу мәселелеріне дейін. Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен оның аумақтық басқармалары қызметінің тағам өнімдері, балалар тауарларының ассортименті және халық тұтынатын өзге де тауарлардың қауіпсіздігі сияқты басты бағыт болып отыр.

Өнімді сатып алудың 2017 жылға арналған жоспар-кестесіне сәйкес, жалпы соммасы 3 500 000 теңге көлемінде 252 сауда және қоғамдық тамақтану объектілерінде бақылаулы сатып алулар жүргізілген. 3600 астам тағам өнімдері мен халық тұтынатын тауар өнімдерінің үлгілері сатып алынды, олардың 479 - ы (13,1%) Кедендік Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмеді. Тағам өнімдерінің 3072 үлгісі сатып алынды, олардың 322-і сәйкес емес болып табылған, бұл 11% құрайды. Халық тұтынатын тауар өнімдерінен 565 үлгі алынған, оның ішінде сәйкес келмегені – 157 немесе 28%. Микробиологиялық көрсеткіштерге оң нәтижелі сынамалардың үлес салмағы 36% құрап отыр, таңбалау бойынша кемшіліктер анықталған сынамалар көрсеткіші 71% құрап отыр.

Салыстырмалы талдау көрсеткендей, облыстың ішкі нарығының айналымындағы барлық сәйкес емес өнімдердің ішінде ең жоғары пайыз импорт өнімдеріне тиесілі болып отыр – 72%. Отандық өнімдер – 28% құрап отыр. Импорттаушы елдердің сәйкес емес өнімдерінің ара қатынасы келесідей: Қазақстан Республикасының өнімдерінен - 1700 үлгі алынды, оның ішінде сәйкес келмегені 130 үлгі, бұл 7,6% құрады, Ресей Федерациясының өнімдерінен - 1050 үлгі алынды, сәйкес келмегені 30 үлгі, 2,8% құрады, Беларусь Республикасының өнімдерінен - 37 үлгі алынды, сәйкес еместік анықталмады, Қырғызстан Республикасының өнімдерінен – 144 үлгі алынып, 84 үлгі сәйкес келмеді, бұл 58,3% құрады.

Өткен жылғы өнім қауіпсіздігі аясында жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеген өнімдерді сату жағдайлары бойынша 50 әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып, жалпы соммасы 3 млн. 600 мың теңге көлеміндегі айыппұл салынды. Объект басшыларына кемшіліктерді жою бойынша 108 нұсқама берілді. Облыс кәсіпкерлерінің басым көпшілігі кемшіліктерді жойды, 2017 жылы тек 7 объект кемшіліктерді жою жұмыстарымен айналыспаған. Осы объектілердің материалдары сотқа жолданып, жұмысын тоқтату туралы шешімдер шығарылды: Тараз қаласындағы – «Тарго» супермаркеті  ЖК Иловская А., «Куликовский» сауда үйі «А-NUR» Group ЖШС директор Онгарбаева М., Т. Рысқұлов атындағы ауданда – «Береке» дүкені ЖК Валитова Ж., Байзақ ауданында - ЖК Ж.Есенкулованың дүкені, «Аққу» дүкені ЖК Худайбергенова, Жамбыл ауданында – ЖК З.Асанбекованың дүкені, ЖК Нускабекованың дүкені.

2017 жылдың 4 қарашасы мен 2018 жылдың 29 қаңтары аралығында бақылаулы іс-шаралар  мен өнім қауіпсіздігінің мониторингі аясында, мобильді топтар құрылып, олармен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-елдерден кіргізілетін тауарларға күшейтілген лабораториялық бақылау жүргізілді.

Кезекшілік жүргізу уақытында Қызмет мамандарымен 4410 автотранспорттық құралдар тексерілген, олардың 2880 тағам өнімдерін, 678 – тағамдық емес өнімдерді тасымалдаған. Тексеру қорытындысы бойынша, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын құжаттарының болмауы себебімен 554 119 кг көкөністер мен жемістер, жеміс қақтары, 60 215 кг жарма өнімдері, 58 100 кг кондитерлік өнімдер, 7 148 кг ет өнімдері және 16 583 кг өзге де тағам өнімдері кері қарай қайтарылды. Жалпы алғанда 700 тонна тағам өнімдері  қайтарылды.

2017 жылы 565 тағам объектілері тексерілді, олардың 362 ерекше тәртіп бойынша және 203 жоспардан тыс тексерілген. Мамандармен 362 объектілерде кемшіліктер анықталып, 353 айыппұл салынған.

Тұтынушылық нарықты қауіпсіз тағам өнімдерінен қорғау жұмысы барысында,  санитариялық-гигиеналық көрсеткіштерге 9057 азық-түлік сынамалары зерттелген, сәйкес емесі 5,9 % немесе 533 сынаманы құрады. Микробиологиялық көрсеткіштерге 9447 тағам өнімдерінің сынамалары тексерілді, стандартқа сай емес сыналар 4,6 % немесе 435 сынаманы құрады.

Облыс аймағында атқарылған жұмыстар қорытындысы ретінде, тағам өнеркәсібі мен сауда объектілеріндегі, балалар мен жасөспірімдер және емдеу-профилактикалық ұйымдарының сумен қамтамасыз ету блоктары мен асханалардағы өнімдерден улану жағдайлары тіркелмеген. Бұл денсаулық сақтау бюджетінің денсаулықтың  негізгі көрсетіштеріне әсер ететін ауруларды емдеуге кететін шығыстарын төмендетуге, мемлекеттің барлық секторларын қоғамдық денсаулық сақтау ісіне жұмылдыруға және халық арасында салауатты өмір салты, тиімді тамақтану мен қарқынды және сапалы өміршеңдік стереотипін құруға жол береді.