КОМИТЕТТЕ 2017 ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ ЖӘНЕ АЛДАҒЫ КЕЗЕҢГЕ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

КОМИТЕТТЕ 2017 ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ ЖӘНЕ АЛДАҒЫ КЕЗЕҢГЕ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алқасының кеңейтілген отырысы шеңберінде Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Медициналық-профилактикалық кеңесі өтті.

Іс-шараға ҚР ДСМ Жауапты хатшысы, құрылымдық бөлімшелер, аумақтық департаменттер, Комитетке ведомстволық бағынысты ұйымдар басшылары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин өз сөзінің басында Елбасының Қазақстан халқына биылғы Жолдауында денсаулық сақтау министрлігінің алдына қойылған негізгі міндеттерге тоқталып өтті.

Одан әрі Төраға республикадағы санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы хабарлады. Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. 35 нозология бойынша сырқаттанушылықтың төмендегені байқалады, оның ішінде қызылша 61,5 есе, менингококк инфекциясы  48,7 %, лептоспироз 42,7%, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы 41,2%, вирустық кене энцефалиті 31,8%, тері лейшманиозы 27,4%, тұмау 17,82%, энтеробиоз 12,7%, сальмонеллез 7,9%, ротавирустық инфекция 6,2%.  Сонымен бірге өткен жылы вакцинациялаумен қамту 95% болды, оның нәтижесінде қызылшамен, сіреспемен сырқаттанушылық бірлі-жарым жағдай, ал қызамық, полиомиелит, дифтерия жағдайлары тіркелген жоқ.

Алайда Комитет мақсатты топтың балаларын профилактикалық егулермен қамту көрсеткіштерінің республикалық деңгейде оңтайлы шама шектерінде болғанына қарамастан, өңірлер бөлігінде  вакцинациялаумен толық қамтылмауға алаңдаушылық білдірді. Вакцинациялаудан бас тарту саны 9685-тен (2016 ж.) 12873-ке (2017ж.) артты, бірақ жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмысының арқасында 2 мыңнан астам адам вакцинациялау туралы өз пікірлерін өзгертті. Осындай жұмысты ата-аналармен жеке әңгімелесу форматына ауыстыру қажет.

Сондай-ақ бас санитариялық дәрігер өткен жылғы топтық тамақтан улану жағдайлары туралы айтты. Тамақтан уланудың барлық жағдайларында негізгі тарату көзі тамақ өнімінің тұқымдалуы болған және олардың технологиясында санитариялық-гигиеналық талаптардың бұзылуына байланысты.

Сауда саласында өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында камералдық бақылау және өнімді сатып алу жүргізілуде, мұнда тауар сөресінің қиығын және тәуекелді бағалауды ескере отырып, тамақ өнімінің тауар позицияларының барлық топтары, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жататын азық-түліктік емес тауарлар бақыланады.

Барлығы республика бойынша тамақ және тағамдық емес өнімнің 42 540 сынамасы іріктеп алынды, олардың ішінде 4392 сынама халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеген. Камералдық бақылау шеңберінде 50 421 әкелінетін тауар позициясы бойынша 50 тапсырма берілді.  

Сонымен қатар зертханаларда ГТО, жануарлар ДНҚ-сы, гормондар, пестицидтер, тағамдық қоспалар сияқты негізгі жалғандық көрсеткіштеріне зерттеулер спектрі және май-қышқыл құрамының арақатынасын анықтау кеңейтілді, сондай-ақ жаңа технологиялық әдістемелерді әзірлеу бойынша ғылыми топтарды құру жоспарлануда.

Комитеттің тағы бір басым бағыты көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бақылау болып табылады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша Комитетке және оның аумақтық департаменттеріне халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына 4965 өтініш келіп түсті. Атап айтқанда шағымдардың көпшілігі медициналық қызмет көрсету сапасына, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын берудің негізділігіне, әдепті бұзуға және емдеуге жатқызудан бас тартуға байланысты түскен.  Сонымен бірге егер осы өтініштерді медициналық көмек көрсету бейіні бойынша қарасақ, онда барынша үлкен пайызы терапевттік, акушерлік-гинекологиялық және хирургиялық бейіндерге келеді.

2017 жылы жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 2056 өтініш қаралды, олардың ішінде тек 486-ы ғана негізсіз болды. Қаралған өтініштер нәтижесі бойынша  ұйымдастыру іс-шараларымен қатар әкімшілік әсер ету шаралары да қолданылуда. Осылайша 2017 жылы 8 млн.теңгеден астам жалпы сомасында          430 әкімшілік хаттама толтырылды. Азаматтардың осындай өтініштерінің медициналық көмек көрсету сапасының индикаторлары екенін атап өту керек. 

Жандарбек Бекшин сыбайлас жемқорлық мәселелеріне жеке тоқталып өтті. Ол аумақтық департаменттер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың барлық басшыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейтуді және қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша біліктілігін арттыруды тапсырды. Сонымен қатар ол басшыларға қызметкерлер жол берген сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшін жеке жауапты болатынын ескертті.

2017 жылы Комитетте және оның аумақтық департаменттерінде әдеп бойынша уәкілетті адамның лауазымы енгізілді. Осылайша әдеп бойынша уәкілетті адамдардың жұмыс істеген кезеңінде жүзден астам мемлекеттік қызметші кеңес алуға жүгінген. Қызметтік әдепті бұзудың барлық расталған фактілері бойынша тәртіптік сипаттағы тиісті шаралар қолданылды, Әдеп кодексінің талаптарын сақтау туралы профилактикалық әңгімелесулер өткізілді.

Комитеттегі әдеп жөніндегі уәкілетті адамның ақпараты бойынша қызметкерлерге жүргізілген анонимдік сауалнама нәтижесінде ұжымдағы моралдық-психологиялық климат қолайлы ретінде бағаланады.

Медициналық-профилактикалық кеңестің соңында қатысушылар бүгінгі күні толғандырып жүрген проблемалар мен мәселелерді талқылады және алдағы жылға басым міндеттерді белгіледі.