Бүгін Ұлттық сараптама орталығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин ҰКП филиалдарының директорларымен кездесу өткізді

Бүгін Ұлттық сараптама орталығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин ҰКП филиалдарының директорларымен кездесу өткізді

Кездесу барысында Жандарбек Бекшин зертханаларды одан әрі дамыту және жетілдіру бойынша бірқатар маңызды міндеттерді қойды.

Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша жұмысты күшейту - Жандарбек Бекшин ҰКП 20 филиалының директорлары алдына қойған маңызды міндеттерінің бірі.

Бүгінгі таңда азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері мемлекеттің экономикалық саясатында маңызды орын алады.

Сондай-ақ, елдің бас санитарлық дәрігері барлық зертханаларға жазғы маусымға дайындалуды, жаңа зерттеу әдістерін әзірлеуді және вирустық гепатит диагнозын қою жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Бір сөзбен айтқанда, кездесу қызықты өтті, бірқатар нұсқаулар мен ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің КООЗ басшылығы айтты.

Сөз соңында Жандарбек Бекшин жиналғандардың барлығына 2017 жылы атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, ұжымның әдемі жартысын келе жатқан 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.